Тендерлік кепілдік | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Тендерлік кепілдік

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Борышкер конкурстық құжаттамада көзделген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Кепілдік сомасы шегінде Кредитордың пайдасына төлем жасауға міндеттенетін шетелдік Тендерге қатысу үшін берілген кепілдік.

Экспорттаушы тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге экспорттық шарттар жасасу үшін шетелдік сатып алушылар өткізетін конкурстарға (сауда-саттықтарға, аукциондарға) қатысу мүмкіндігіне ие.

Кепілдік рәсімі
  • Экспорттаушы халықаралық тендерге/конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдайды.
  • Экспорттаушы Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі компаниясына кепілдікке өтінім береді.
  • Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі экспорттаушының құжаттарын тексереді және транзакцияны бекітеді.
  • Экспорттаушы Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі-пен кепілдік құжаттамасын жасайды.
  • Экспорттаушы халықаралық тендерге/конкурсқа құжаттарды ұсынады (халықаралық тендерде/конкурста жеңіске жеткен жағдайда экспорттаушы экспорттық келісім-шарт жасайды)
Кепілдік шартының қатысушылары
  • Кепілгер: Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

  • Борышкер: экспорттаушы

  • Үшінші тұлға: Кепілгер алдында Борышкермен бірдей дәрежеде (бар болса) толық ортақ жауапкершілікті қабылдайтын тұлға.

Кепілдік опциялары
  • Кепілдік сомасы: тендерді ұйымдастырушы белгілеген тіркелген сома

  • Кепілдік мерзімі: тендерлік құжаттаманың параметрлеріне сәйкес

  • Кепілдік валютасы: тендерлік құжаттаманың параметрлері бойынша

Өтінімге арналған құжаттар

consultation Кеңес ал!