Ішкі аудит қызметі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Ішкі аудит қызметі

"KazakhExport" ЭСК" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ІАҚ) директорлар Кеңесінің 2003 жылғы 23 тамыздағы шешіміне (№1 хаттама) сәйкес құрылды.

Ішкі аудит миссиясы

ІАҚ миссиясы тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсынымдар беру және білім алмасу арқылы ұйымның құнын сақтау және көтеру болып табылады. 

Мақсаты

ІАҚ ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқару жүйесінің, корпоративтік басқарудың жай-күйін объективті бағалауды және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды ұсыну мақсатында құрылады.

Ішкі аудит міндеттері

ІАҚ-ның негізгі міндеттері аудиторлық тапсырмалар мен консультациялар шеңберінде талдау және бағалау жүргізу болып табылады:

  • ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі;
  • тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі;
  • стандартсыз және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қоғам қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге және(немесе) қызметін қалпына келтіруге бағытталған іс-қимыл жоспарына сәйкес стандартты емес және төтенше жағдайлар жағдайында қабылданған шараларды ескере отырып, деректер базасының тұтастығын бақылауды және оларды рұқсатсыз қол жеткізуден және (немесе) пайдаланудан қорғауды қоса алғанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалануға ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру;  
  • бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығы, толықтығы, объективтілігі және қоғамның қаржылық есептілігі мен басқа да ақпаратының сенімділігі, сондай-ақ осындай ақпаратты (жоспарлар мен есептілікті) ішкі және сыртқы пайдаланушыларға сәйкестендіру, өлшеу, жіктеу және ұсыну үшін пайдаланылатын ережелерді (қағидаттарды, әдістерді) бағалау;
  • ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігі және мүліктің (активтердің) сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістері (тәсілдері);
  • жасалатын операциялар мен мәмілелердің экономикалық орындылығы мен тиімділігі;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғамның ішкі саясаттары мен өзге де құжаттарының талаптарын сақтау, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігі (комплаенс-бақылау);
  • Қоғам органдарының шешімдерін және уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың ұйғарымдарын (ұсыныстарын) орындау;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын бизнес-үдерістердің жеткіліктілігі және/немесе тиімділігі, Қоғамның стратегиялық мақсаттары шеңберінде олардың алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін шаралар;
  • корпоративтік басқару жүйесінің және оны жетілдіру процесінің тиімділігін арттыру, корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарын, тиісті этикалық стандарттар мен құндылықтарды сақтау.

Ішкі аудит функциялары

ІАҚ негізгі міндеттеріне сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:

  1. жыл сайын Қоғамның тәуекелдерін басқару және/немесе тәуекелдерді дербес бағалау жүйесінің деректері негізінде алдағы күнтізбелік жылға Қоғамның тәуекелдерін, стратегиялық міндеттерін ескере отырып, Қоғам қызметінің ішкі аудит басымдықтарын айқындайтын жылдық аудиторлық жоспарды әзірлейді және аудит жөніндегі комитет алдын ала қарастыруынан соң,  Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне ұсынады;
  2. ІАҚ негізгі міндеттеріне сәйкес аудиторлық тапсырмаларды орындайды;
  3. есепті кезеңнің (тоқсанның, жылдың) қорытындылары бойынша жүйелі түрде Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне аудит жөніндегі комитет алдын ала қараған ІАҚ қызметі туралы есепті ұсынады;
  4. Қоғамның Холдингтің, сыртқы аудитордың және белгіленген тәртіппен қабылданған өзге де тексеруші мемлекеттік органдардың ұсынымдарын/нұсқамаларын орындау мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ мерзімді есептер шеңберінде Директорлар кеңесіне түзету іс-шараларының орындалу барысы мен сапасы туралы ақпарат береді;
  5. Қоғамның белгіленген тәртіппен берілген және қабылданған ІАҚ ұсынымдарын орындау мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ мерзімді есептер шеңберінде Директорлар кеңесіне (қажет болған жағдайда Басқармамен бірлесіп) жүргізілген аудит нәтижелері бойынша және/немесе ІАҚ ұсынымдары бойынша Басқарма бекіткен түзету іс-шараларының (ескерту іс-қимылдарының) орындалу барысы мен сапасы туралы ақпарат береді;
  6. ІАҚ құзыреті шегінде Холдингпен, сыртқы аудиторлармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, ал қажет болған жағдайда сыртқы аудиторлар, тәуелсіз бағалаушылар және/немесе консультанттар жүргізетін аудит, бағалау, талдау процестеріне қатысады;
  7. ішкі және сыртқы тексерулердің нәтижелерін қорытады және талдайды, ішкі бақылау жүйесін бағалау мақсатында тексеру барысында анықталған Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысындағы бұзушылықтарды, қателер мен олқылықтарды жүйелейді;
  8. алаяқтық жасау тәуекелдерін және ұйымның алаяқтық тәуекелін қалай басқаратынын бағалауды жүргізеді;
  9. Холдингтің стандарттары мен талаптарына сәйкес ІАҚ қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді;
  10. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шағымдарды, хаттарды, өтініштерді қарайды;
  11. өз құзыреті шегінде ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын қарауға консультант ретінде (қажет болған жағдайда) олардың нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігін, ішкі бақылаудың көзделген рәсімдерінің орындылығын, жеткіліктілігі мен тиімділігін бағалау үшін қатысады (консультациялық қызметтер ІАҚ-ның басқарушылық шешімдерді қабылдауын қоспағанда, ІАҚ тәуелсіздігі мен объективтілігін сақтай отырып көрсетіледі);    
  12. бақылау рәсімдерінің нәтижелері, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінде анықталған проблемалар, анықталған бұзушылықтар, кемшіліктер туралы, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар туралы деректерді қамтитын бірыңғай базаны және/немесе ақпараттық жүйені жүргізуді қамтамасыз етеді;
  13. атқарушы органға ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес береді. Консультациялық қызметтерді  ІАҚ  ІАҚ-ның басқарушылық шешімдерді қабылдауын қоспағанда, ІАҚ тәуелсіздігі мен объективтілігін сақтай отырып, бақылау рәсімдерінің нәтижелері негізінде көрсетеді;
  14. ерекше жағдайларда аудит жөніндегі комитеттің және/немесе Директорлар кеңесінің және/немесе Холдингтің тапсырмасы бойынша Қоғам қызметінің жекелеген аспектілеріне тақырыптық ішкі аудитті жүзеге асырады, сондай-ақ қызметтік тексерулерге, арнайы тексерулерге қатысады;
  15. Атқарушы орган мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты мәндерінің дұрыстығын растайды;
  16. ІАҚ қызметкерлерін тұрақты кәсіптік оқыту және біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;
  17.  бөлімшелердің тиісті есепті немесе сұратылатын ақпараттың (оның ішінде қаржы мониторингіне жататын ақпараттың), басшылыққа және басқа да мүдделі тараптарға беруінің дұрыстығын, толық ашылуын, объективтілігін, уақтылығын тексеру;
  18. ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін бақылау ортасын бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы қалыптастыру;
  19. сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары тізілімін жүргізуді бақылау;
  20. қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі, пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау мәніне ұйым қызметін жүйелік талдау және бағалау;
  21. қаржы құжаттарын, оның ішінде жиынтық балансты және өткен кезеңмен және жоспарланған қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда пайда мен шығындар туралы есепті, сондай-ақ қаржы құралдарын түрлері бойынша топтастыра отырып, баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін және сатып алудың (сатудың) жалпы сомасын көрсете отырып, инвестициялар туралы есепті талдау;
  22. ІАҚ құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.