Халықаралық ұйымдар және одақтық бірлестіктер
Халықаралық ұйымдар
2004 жылдан бастап KazakhExport 34 елдің 37 агенттігі мен 3 трансұлттық ұйым кіретін аса ірі халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктер қауымдастығы - Берн одағының Прага клубының (Швейцария, Берн қ.) толық құқылы мүшесі болып табылады.
2015 жылғы ақпан айынан бастап компания экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырумен айналысатын компаниялардың бейресми бірлестігі болып табылатын, 1934 жылы құрылған Берн одағының бақылаушысы мәртебесін алды.
2014 жылғы қараша айында KazakhExport ресми түрде Ислам мемлекеттері мен араб әлеміндегі аса ірі экспорттық-кредиттік агенттіктер қауымдастығы - Aman Union-ның (Кувейт Мемлекеті, Эль-Кувейт қ.) толық құқылы мүшесі болды.
2020 жылғы 17 наурызда Қоғам ICISA Халықаралық кредиттік сақтандыру қауымдастығына (Нидерланды, Амстердам қ.) кірді. Қауымдастық сауда кредиттерін, кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыратын жетекші әлемдік компанияларды біріктіреді.
Одақтық бірлестіктер
2004 жылғы 1 шілдеден бастап «KazakhExport» ЭСК» АҚ «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің толық құқылы мүшесі болып табылады.
Анықтамалық ақпарат:
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" БО мекенжайы бойынша орналасқан, ол қаржы нарығының 125 қатысушысын, оның ішінде банктерді, сақтандыру компанияларын, ипотекалық және лизингтік компанияларды, микрокредиттік ұйымдар мен ломбардтарды, «БЖЗҚ» АҚ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын, аудиторлық және консалтингтік компанияларды, ғылыми-білім беру мекемелері мен БАҚ-тарды біріктіреді.
ҚҚҚ құрамына кіретін қаржы ұйымдары Қазақстанның бүкіл қаржылық қоғамдастығының өкілетті ұйымдастырушы буынын қалыптастырады.
ҚҚҚ негізгі стратегиялық міндеттері:
- ҚҚҚ мүшелерін мемлекеттік және басқа да органдарда таныстыру, қаржы нарығы субъектілерінің жалпы мүдделерін білдіру және қорғау;
- Қазақстан Республикасының ҚҚҚ мүшелерінің қызметіне қатысы бар және олардың мүдделерін қозғайтын заңнамасын мониторингтеу және оны жетілдіру жұмысына қатысу;
- ҚҚҚ мүшелерінің тиімді жұмыс жасауы үшін және жалпы алғанда, Республика қаржы жүйесінің дамуы үшін жағдай жасау мақсаттарында мемлекеттік органдармен сындарлы қарым-қатынас арқылы жұмыс жасау;
- қаржылық қоғамдастықтың имиджін (рейтингін) көтеруге қолдау көрсету;
- қаржы секторындағы проблемалық мәселелерді шешу және қаржы нарығы субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру үшін ҚҚҚ мүшелерінің ұсыныстарын жинау, талдау және шоғырландыру;
- ҚҚҚ мүшелері өкілдерінің қатысуымен басымдықты және проблемалық бағыттар бойынша Жұмыс топтарын құру және оларды уәкілетті органдармен талқыға салып, әзірлеу.
2018 жылғы 18 қыркүйектен бастап KazakhExport сонымен қатар Сақтандыру омбудсмені өкілдерінің кеңесіне кіреді.
Анықтамалық ақпарат:
Сақтандыру омбудсмені өз қызметінде тәуелсіз, сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттерінің арасында (сақтандырушылар, сақтандырылғандар мен пайда алушылар), сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасында қарым-қатынастарды (даулы жағдайларды) реттеуді жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылады.
Негізгі міндеті тараптардың арасындағы даулы жағдайларды бейтарап, объективті түрде қарау және әділ, заңды шешім шығару болып табылады.
Сақтандыру омбудсменінің қызметі Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңымен және Сақтандыру омбудсменінің көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша қызметінің регламентімен реттеледі.
Қазіргі уақытта Сақтандыру омбудсмені Игорь Алексеевич Яковенко болып табылады.
Сақтандыру омбудсменінің кеңсесі :
Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі 28/7, "Бай Тал" ТК, 2-қабат.
Байланыс:
office@omb.kz
тел.: +7 (727) 382-41-74