Мансап
Жоғары білікті кадрлар – KazakhExport компаниясының басты стратегиялық ресурсы.
Біз әрбір маманға өз әлеуетін іске асыра және тиімді дағдыларға ие бола отырып, компаниямызда табысты мансап құруға мүмкіндік береміз.
Біз құндылықтарымызды бөлісетін және Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуға тырысатын, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді отандық өндірушілерді қолдау үшін жұмыс істеуге дайын тұлғаларға мүдделіміз.
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
Егер сіз KazakhExport кәсіби командасының қатарында болғыңыз келсе, түйіндемеңізді hr@kazakhexport.kz электрондық почтаға жіберіңіз.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- жоғары заң білімі;
- Департамент қызметінің бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі 1 (бір) жылдан кем болмауы тиіс;
- дербес компьютермен, арнайы бағдарламалармен, ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдылары.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Шарттар жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына, Қоғамның ішкі актілеріне, Департаменттің өндірісіндегі өзге де құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу, құқықтық мәселелер бойынша консультация беру, тиісті қорытындылар дайындау;
- Қоғамның құрылтай құжаттарын, Қоғам акцияларын шығару және орналастыру бойынша құжаттарды дайындау, келісу және өзектілендіру процесін құқықтық сүйемелдеу;
- Сақтандыру/қайта сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процесін ұйымдастыру;
- Қоғам қызметін құқықтық қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша соттарда және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қоғам атынан мүдделері бойынша өкілдік ету.
Функциялары:
- сақтандыру/қайта сақтандыру шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде Қоғамда бекітілген сақтандыру/қайта сақтандыру шарттарының үлгілік нысандарына сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізу, сақтандыру/қайта сақтандыру шарттарының жобаларын келісу кезінде Қоғамның құқықтық мүдделерінің сақталуын талдау;
- Қоғам жасасатын шаруашылық, еңбек және өзге де шарттардың, келісімдердің жобалары бойынша құқықтық сараптама жүргізу;
- Қоғамды сақтандыру қағидаларына сәйкес сақтандыру жобалары бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу;
- Қоғамның ішкі рәсімдерінде көзделген тәртіппен Қоғамның өзге ішкі құжаттарын және сақтандыру қағидаларын әзірлеуге, келісуге, бекітуге және өзектендіруге қатысу;
- Қоғамның бағалы қағаздарымен мәмілелерді құқықтық сүйемелдеу;
- департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштерді, шағымдарды және өзге де өтініштерді қарауға қатысу және тиісті қорытындылар мен ұсыныстар дайындау;
- Қоғам жарғысының өзектендірілуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қоғамның жарғысы және ішкі құжаттарының уәкілетті органдармен келісілуін қамтамасыз ету;
- Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің дайындалуын және ҚР уәкілетті органына ұсынылуын қамтамасыз ету;
- ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін қамтамасыз ету;
- сақтандыру жағдайлары туралы хабарламаларды (өтініштерді) тіркеу, сондай-ақ тиісті ақпараттық жүйеде сақтандыру жағдайлары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервін қалыптастыру;
- мәлімделген сақтандыру жағдайларын реттеуге қатысу;
- сақтандыру ісінің материалдарын қалыптастыру;
- департамент үшін белгіленген лимиттер шегінде сақтандыру/қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы материалдарды дайындау және шешім қабылдануын қамтамасыз ету;
- сақтандыру/қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы мәселені олар үшін белгіленген лимиттер шегінде Қоғамның уәкілетті органдарының қарауына шығарылуын қамтамасыз ету;
- Қоғам қызметін құқықтық қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша соттарда және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қоғам атынан мүдделері бойынша белгіленген тәртіппен өкілдік ету.
- сотқа дейінгі және сот іс-шараларын қолдана отырып, Қоғам тарабы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру (сақтандыру және қайта сақтандыру төлемдерін өтеу) шарттарынан, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудан, еңбек қатынастарынан пайда болған дебиторлық және кредиторлық берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілетін наразылық-талап қою жұмысына қатысу;
- Қоғамның қызметіне байланысты атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүргізілетін жұмысқа қатысу;
- Қоғамның сенімхаттарын дайындау, келісу және ресімдеу;
- және т.б.