Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекелді оқиғаларды уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингтеуге және азайтуға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің түйінді компоненті болып табылады.
Қоғамда тәуекелдерді басқару құрылымын, тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) негізгі компоненттерін айқындайтын, тәуекелдерді басқару процесін жүзеге асыру кезінде жүйелі және дәйекті тәсілді қамтамасыз ететін Тәуекелдерді басқару саясаты бекітілді.
Қоғамда сондай-ақ Қоғамды ТБЖ жөніндегі саясатты іске асыру тетіктері әзірленді:
- тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі әдістер мен рәсімдер;
- тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау әдістемесі, Қоғамның тәуекелдерін басқару әдістерін таңдау.
Қоғамның Директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жалпы тәуекел-тәбетті, тоқсан сайынғы негізде Тіркелімді және Қоғамның тәуекелдер картасын бекітеді. Қоғамның Тәуекелдерді басқару департаменті негізгі тәуекелдердің динамикасына және оларды митингирлеу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізеді.
Қоғамда тәуекелдерді басқару процесіне Қоғамның барлық жұмыскерлерін тарту жолымен, сондай-ақ Директорлар кеңесі, Басқарма және Қоғам жұмыскерлері арасында тұрақты ақпарат алмасу есебінен тәуекел мәдениетін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Қоғам жұмыскерлері үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласында оқыту семинарлары өткізіледі.
Қоғамда тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін, атап айтқанда, ішкі бақылау жүйесін, сондай-ақ қызметтің үздіксіздігін басқару (қызметті үзуге әкелетін тәуекелдерді басқару) жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс көзделген.