Жеткізушілерге арналған ақпарат | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Жеткізушілерге арналған ақпарат

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

Осы арқылы Сіздің назарыңызға «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді https://eep.mitwork.kz мекенжайы бойынша Еуразиялық электрондық сатып алу порталында сатып алатынын жеткіземіз.

Мүдделі әлеуетті өнім берушілер Еуразиялық электрондық сатып алу порталында тіркеліп, өткізілетін сатып алуларға қатыса алады.

Барлық сатып алудың қорытындылары Еуразиялық электрондық сатып алу порталында https://eep.mitwork.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ сатып алуды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген, «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» (бұдан әрі - Сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес жүзеге асырады. 

Өнім берушілерге арналған тұрақты даму жадынамасы

Сатып алу қорытындыларына шағымдану

Сатып алу қорытындыларына шағымдану

Жергілікті қамту / Ел ішіндегі құндылықтар

Жергілікті қамту / Ел ішіндегі құндылықтар

Өнім беруші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №260 бұйрығымен бекітілген, Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына және «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ел ішіндегі құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесіне» сәйкес жергілікті қамтуды / ел ішіндегі құндылықты есептейді.