Омбудсмен | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Омбудсмен

«Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын іске асыру мақсатында Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арасында іскерлік этика қағидалары мен нормаларын сақтау, корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу, Компанияда туындайтын әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында Компанияның өзінің қызметкерлері де, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Жалғыз акционерінің де қатарынан Омбудсмен тағайындалады.

Омбудсменнің міндеттеріне Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің іскерлік этика қағидалары мен нормаларын бұзуына жеке және заңды тұлғалардан мәліметтер, шағымдар мен өзге де өтініштер жинау, оларды қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ іскерлік этиканы қолдану, мүдделер қақтығысын, әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу бойынша туындайтын дауларды қарауды ұйымдастыру кіреді.

Компанияның барлық қызметкерлері, клиенттері, серіктестері және басқа да мүдделі тұлғалар Омбудсменге жүгінуге құқылы.

Өтініштер:

  • ауызша нысанда, оның ішінде Омбудсменнің байланыс телефоны бойынша;
  • осы бетте келтірілген үлгі бойынша Омбудсменнің электрондық пошта мекенжайына өтініш жіберу арқылы жазбаша түрде жіберілуі мүмкін.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (2025 жылғы 16 мамырдағы № 7 хаттама) «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқаратын Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов компанияның Омбудсмені болып тағайындалды.

Өтінім нысаны

chat Кеңес ал!