Корпоративтік басқару қағидаттары
Қазақстан Республикасында тіркелген «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болу талаптары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агеттігі Басқармасының қаулысын, Қоғамның Жарғысын, сондай-ақ Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен бекітілген Қоғамның корпоративтік басқару кодексін (бұдан әрі – Кодекс)[1] және Қоғамның өзге ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Корпоративтік басқару кодексі Қоғам корпорация ішіндегі және нарықтың басқа қатысушыларымен қатынастарда корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін өз қызметінің барысында ұстанатын қағидалар мен ұсыныстардың жиыны болып табылады. Кодексте жазылған корпоративтік басқару қағидаттары Қоғамды басқарумен байланысты туындайтын қатынастарда сенімді қалыптастыруға бағытталған және Кодексте жазылған барлық қағидалар мен ұсыныстардың негізі болып табылады.
Корпоративтік басқару қағидасыҚоғамның корпоративтік басқаруы әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, айқындық, кәсібилік және құзыреттілік негізінде құрылады. Қоғам өз қызметінде тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға ұмтылады, келесі қағидаттарды негізге ала отырып өзінің корпоративтік басқару жүйесін үнемі жетілдіріп және дамытып отырады:
|
|
Қоғамда сонымен қатар Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (20.05.2011 жылғы № 52 хаттама) Қоғамның құндылықтарын, сондай-ақ оның жұмысының негіздерін және сыртқы коммуникацияларын анықтайтын Іскерлік әдеп кодексі қолданылады. Бұл Кодекс іскерлік тәртіптің және корпоративтік басқарудың әлемдік мойындалған стандарттарын ескере отырып әзірленді және атап айтқанда, Қоғам жұмыскерлерінің арасындағы қатынастар, іскерлік серіктестермен, акционерлермен, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, мүдделер қақтығысын ескерту секілді мәселелерді қамтиды.
Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін іске асыру, сондай-ақ оның бұзылуын анықтау және қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ оның ережелерін жұмыскерлердің білуін тексеру мақсатында.
Қоғам Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті тоқсан сайынғы негізде береді, оған есепті күнге және есепті жылдың басына компанияның Жиынтық балансы (компанияның активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы) кіреді; Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдалары мен залалдары туралы есеп және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері; Қаржы құралдарын түрлері бойынша топтастырған және баланстық құнын, нарықтық құнын, табыстылығын көрсететін инвестициялық қоржынның жағдайы туралы есеп. Нарықтық тәуекелге неғұрлым бейім активтер бағасы қозғалысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға ықпалын қысқаша талдауды; Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайыздық тәуекелге бейімділігін қысқаша талдауды; Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталға ағымдағы және болжамды қажетсінуіне қысқаша талдауды; Техникалық (сақтандыру) тәуекелдері бойынша есепті; Апаттық тәуекелдер бойынша есепті қамтиды.
Акционердің ағымдағы сұрақтары бойынша ақпаратты Қоғам Жалғыз акционер белгілеген мерзімде береді.
Корпоративтік құжаттар
-
pdf
Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары сақтау / сақтамау туралы есептер
-
pdf
-
pdf