Комплаенс қызметі және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Комплаенс қызметі және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл

«Құрметті «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның клиенттері мен серіктестері,

"KazakhExport" ЭСК "АҚ Комплаенс-қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіздер.

Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін қолдану мақсатында біздің компанияда комплаенс-бақылау функциясы енгізілді және іске асырылуда, оның мақсаты комплаенс-тәуекелдерді, атап айтқанда компанияның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерін сақтамауы салдарынан туындайтын шығыстардың (залалдардың) тәуекелдерін басқару болып табылады.

Комплаенс функциясын іске асыру Комплаенс қызметке жүктелген, ол Басшыдан және бас комплеанс-бақылаушыдан тұрады, құзыретіне компания қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарына сәйкестігін ішкі бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Комплаенс қызметі сонымен қатар алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға және жұмысына жауап береді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың мамыр айында интернет-алаяқтық саны 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8 есеге (8240 қылмыстық құқық бұзушылық) өсті (1179 қылмыстық құқық бұзушылық). Алаяқтық схемалар көбінесеп желіде, атап айтқанда әлеуметтік желілерде таралған, онда зиянкестер өздерінің банктік шоттарынан қаражатты есептен шығару және жалған кредиттерді ресімдеу үшін азаматтардың дербес және төлем деректерін түрлі сылтаулармен алуға тырысады. Осыған орай, клиенттерімізге осы Fingramota.kz сілтемесі арқылы "Абайлаңыз, алаяқтар" айдарына өтіп, қаржылық сауаттылық бойынша оқытатын медиапорталмен танысуға кеңес береміз.

Корпоративтік құжаттар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

Пайдалы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) органдары тексереді.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болсаңыз, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Center 1424 сенім телефонына немесе тізімі www.gov.kz сайтында көрсетілген оның аумақтық бөлімшелеріне хабарласуыңызға болады.

Сізге белгілі болған экономикалық қылмыстар мен алаяқтық фактілері туралы өтініштерді  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметіне сондай-ақ ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына жібере аласыз, байланыс деректері www.kfm.gov.kz сайтында көрсетілген. Сонымен қоса, сіз мұнда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы нарығындағы алаяқтық схемалардың тәуекелдері туралы ақпаратымен және олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдармен таныса аласыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі