Жалғыз акционер
KazakhExport-тың Жалғыз акционері «Бәйтерек « Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» Холдингі, Холдинг) – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.
Миссиясы
Қазақстан Республикасының орнықты дамуы және «Стратегия – 2050» мақсаттарына қол жеткізу.
Пайымы
Үздік стандарттарға сәйкес бизнеске қолдау көрсету құралдарын ұсынатын және Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыратын озық даму институты.
Түйінді міндеттері:
- Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту;
- Кәсіпкерлікті дамыту (экономиканың жеке секторы);
- Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау;
- Өнімділікті арттыру;
- АӨК-тегі қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жарақтандыру және қарқындату деңгейін арттыру;
- Экономиканың урбандалуын қолдау.
Қызметтің стратегиялық бағыттары:
- Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
- Экспорттық әлеуетті арттыру;
- ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
- Трансферт және инновацияларды енгізу;
- Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру.