Табыстылық тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 22 қыркүйектегі № 657 қаулысымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-на экспортты қолдау бойынша 10 жыл қолданылу мерзімімен 100 млрд 200 млн теңге сомасына мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданды.

Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сақтандыру қаржылық тұрақтылығының рейтингін «Baa3»-дан «Baa2»-ға дейін көтерді және Егемен рейтингке сәйкес эмитенттің болжамын «оң»-нан «тұрақты»-ға өзгертті.

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ жарғылық капиталын 5 млрд теңгеге ұлғайтуы.

"Moody's Investors Service" халықаралық рейтинг агенттігі "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ қаржылық тұрақтылығының рейтингін болжамды "тұрақты" деңгейден "оң" деңгейге өзгерте отырып, "Ваа3" деңгейінде растады.

Жалғыз акционер – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 20 мамырдағы шешімі негізінде «KazakhExport «экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жарғылық капиталын 29 млрд теңгеге толықтыру жүзеге асырылды.

ҚР Үкіметінің биылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына 10 жыл қолдану мерзімімен, 102 млрд теңге сомаға экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданды.

«Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 489 қаулысы қабылданды.

Жалғыз акционер – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - ның 2019 жылғы 21 ақпандағы шешімі негізінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын 34 млрд. теңге мөлшерінде толықтыру жүзеге асырылды.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ негізгі кеңсесі Астана қаласына көшті.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2017-2023 жылдарға Даму стратегиясын бекітті.

«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі KazakhExport-тың қаржылық тұрақтылығы рейтингін «Baa3» деңгейінде, «тұрақтығы» деген болжаммен растады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №112 Қаулысымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ұлттық компаниялар тізіміне енгізілді.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының күндізгі отырысының № 09/17 Хаттамасымен «ҚазЭкспоГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ атауы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (әрі қарай – «KazakhExport» ЭСК» АҚ) атауына өзгертілді.

«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық сенімділік рейтингін «Ваа3» деңгейінде растады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандырумен айналысатын сақтандыру компанияларының бейресми білестігі болып табылатын, 1934 жылы құрылған Берн одағының бақылаушысы мәртебесін алды.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандырумен айналысатын сақтандыру компанияларының бейресми білестігі болып табылатын, 1934 жылы құрылған Берн одағының бақылаушысы мәртебесін алды.

«Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Даму стратегиясына сәйкес, сондай-ақ ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекітті және бұл стратегия оның миссиясын, стратегиялық бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

ҚР Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болды.

Қазақстан тарихында алғаш рет «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық сақтандыру қолдауымен Тәжікстан Республикасына отандық локомотивтер экспорты жүзеге асырылды.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ пропорционалды негізде, сондай-ақ пропорционалды емес негізде қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыра отырып Қазақстанның сақтандыру нарығында қайта сақтандырушы компания ретінде қызмет ете бастады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстанның сақтандыру ұйымдарының арасынан алғашқылардың бірі болып «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігінің халықаралық қаржылық сенімділік рейтингіне ие болды.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ 34 ел мен 3 трансшекаралық ұйым өкілдерінен құралған 37 агенттік кіретін аса ірі халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктер қауымдастығы - Берн одағының Прага клубы мүшесіне айналды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №442 Қаулысымен Елбасының Қазақстан халқына 2004 жылғы Жолдауына сәйкес «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы»АҚ, ал 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттің шикізаттық бағыттан бет бұруына және экономиканың өңдеу секторындағы экспортқа бағытталған өндірістерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға ықпал ету мақсатында даму институттарының бірі ретінде «ҚазЭкспоГарант»экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ құрылды.