Мемлекеттін бизнесті қолдауы: кәсіпкерлерге арналған тегін онлайн-семинарлар

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ негізгі даму институттарымен бірлесіп — «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» ҰЗМИ, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен Қазақстан экспорттаушылар қауымдастығының қолдауымен кәсіпкерлерді бизнеске мемлекеттік қолдау құралдарына арналған тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.
Семинар бағдарламасында:
-
бизнесті дамыту үшін қаржыландыруды қайдан алуға болады
-
бизнес пен экспорттаушыларға арналған шығындарды өтеу мүмкіндіктері
-
кепіл жеткіліксіз болған жағдайда не істеу керек
-
Қазақстанның экспорттық әлеуеті мен даму перспективалары
-
экспортқа шығу алгоритмі және ҚР экспорттаушылары үшін артықшылықтар
-
шетелдік сатып алушыларды іздеу және сыртқы нарықтарда ілгерілету
-
экспорттық мәмілелердегі тәуекелдерді төмендету
-
брендті қорғау үшін тауар белгісін тіркеудің артықшылықтары
-
жаңа нарықтарға шығу үшін өнімді стандарттау және сертификаттау
-
Partnering in Business with Germany бағдарламасы аясында неміс компанияларымен тағылымдамалар және ынтымақтастық мүмкіндіктері
Қатысу форматы: онлайн (Zoom)
Басталу уақыты: сағат 10:00
Семинарды кәсіпорын орналасқан өңірге сәйкес таңдаған жөн.
Семинарға қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға семинар басталардан бір күн бұрын тіркеу кезінде көрсетілген e-mail және WhatsApp нөміріне жіберіледі.
