Экспорттық саудалық қаржыландыру | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Экспорттық саудалық қаржыландыру

Экспорттық сауданы қаржыландыруы (ЭСҚ) шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыру үшін Компания енгізген құрал болып табылады. ЭСҚ шетелдік компанияларға қазақстандық тауарларды қазақстандық екінші деңгейдегі банктер арқылы сатып алу үшін аккредитивтік есеп айырысу нысаны шеңберінде беріледі.

Сақтандыру тәртібі
  • Экспорттаушы мен импорттаушы экспорттық келісімшарт жасайды.
  • Экспорттаушы тауар жеткізуді іске асырады және экспорттаушы банкіне құжаттарды тапсырады.
  • Импорттаушының банкі аккредитив шығарады.
  • Экспорттаушы тауар жеткізуді іске асырады және экспорттаушы банкіне құжаттарды тапсырады.
  • Экспорттаушының банкі аккредитивті растайды.
  • Экспорттаушы тауарды жеткізеді және құжаттарды өз банкіне береді.
  • «KazakhExport» экспорттаушы банкіне шартты салымды орналастырады, олар өз кезегінде ақшаны экспорттаушыға аударады.
  • Импорттаушы өз банкісі алдындағы кредитті өтейді, ол өз кезегінде экспорттаушының банк алдындағы банкаралық қарызын өтейді.
Бағдарламаның мақсаты

Компания сақтандыру бойынша қызметтерін қалдыра отырып, 2010 жылдың соңынан бастап қазақстандық шикізаттық емес өнімдерді сатып алушыларға қаржылық қолдау көрсету бойынша жаңа бағдарламаны әзірлеп, іске қосты. 

Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі шетелдік сатып алушыларға тиімді шарттармен саудалық қаржыландыруды ұсыну арқылы қазақстандық өнімге деген сұранысты ынталандыру болып табылады. Қаржыландыру есеп айырысудың аккредитивтік нысаны шеңберінде жанама түрде Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктері арқылы беріледі. 

Қазақстандық банктер үшін бұл Қаржыландыру бағдарламасы (KazakhExport қаражаты есебінен және сақтандыру өтемімен) келесі мүмкіндіктерді ашады:

  • Эмитент-банктердің міндеттемелерді орындамау тәуекелдерін 100% - ға дейін сақтандыру;
  • Өнім желісін кеңейту;
  • Клиенттік базаны кеңейту.
"Саудалық қаржыландыру" схемасы бойынша рәсімнің кезеңмен сипаттамасы:
  1. Экспорттаушы мен импорттаушы тауарды/қызметті жеткізуге келісімшарт жасасады.
  2. Импорттаушы аккредитив шығару өтінішпен Импорттаушының Банкіне (Эмитент-Банкке) өтінішпен жүгінеді.
  3. Импорттаушының Банкі (Эмитент-банк) растауды енгізуге өтінішпен аккредитив шығарады.
  4. Экспорттаушы Банк (Растаушы банк) пен KazakhExport сақтандыру шартын жасасады.
  5. Экспорттаушының Банкі (Растаушы банк) өзінің растауын қоса отырып құжаттамалы аккредитивті растайды.
  6. Тауарды/қызметті жеткізу.
  7. Экспорттаушы аккредитивтің шарттары мен мерзіміне сәйкес келетін құжаттарды Экспорттаушының Банкіне (Растаушы банкке) төлеуге ұсынады.
  8. Экспорттаушы Банкі (Растаушы банк) және KazakhExport Салым шартын жасасады (аккредитив бойынша төлем жүргізу үшін салым орналастыру).
  9. Экспорттаушының Банкі (Растаушы банк) сұратылған мерзімге Эмитент-Банк арқылы импорттаушыға қаржыландыруды ұсына отырып, бір мезгілде Экспорттаушының пайдасына (KazakhExport орналастырған қаражат есебінен) төлем жүргізеді. Экспорттаушының банкі (Растаушы банк) құжаттарды Импорттаушының банкіне (Эмитент-банкке) жібереді.
  10. Импорттаушының банкі (Эмитент-банк) белгіленген күнге қаржыландыру сомасын (негізгі борыш пен пайыздарды) қайтарады.
  11. Экспорттаушы банкі (Растаушы банк) KazakhExport салымының сомасын қайтарады.
  12. Қаржыландыру сомасын қайтару (негізгі борыш пен пайыз).
Саяси тәуекелдер
  • Аккредитивтің Эмитент-банкі елінің мемлекеттік органының келісімшарт бойынша жеткізілетін тауарды/көрсетілетін қызметті экспроприациялау, тәркілеу бойынша іс-әрекеттері немесе Банктің аккредитивті орындауға кедергі келтіретін, кемсітушілік сипаттағы қызметіне қол сұғушылығы;
  • Эмитент-банктің аккредитив бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін Эмитент-банк еліндегі соғыс, азаматтық толқулар, жаппай сипаттағы тәртіпсіздіктер;
  • Эмитент-банк елінің мемлекеттік органының еркін айырбасталатын валютаға айырбастауды және/немесе аккредитив ойынша төлем аударуды шектейтін немесе оған тыйым салатын іс-әрекеті.
Коммерциялық тәуекелдер
  • Эмитент-банктің банкроттығы;
  • Эмитент-банктің аккредитив талаптарымен айқындалатын мерзімде төлемді орындамауы.
Сақтандыру тарифінің көлемі қандай?
  • Сақтандыру тарифінің көлемі елдік тәуекелді бағалау және Импорттаушының Банкі (Эмитент-банк) бойынша талдау нәтижелері негізінде айқындалады.
Сақтандыру өтемінің үлесі қандай?
  • Саяси тәуекелдер бойынша - аккредитив сомасының 100%-на дейін.
  • Коммерциялық тәуекелдер бойынша - аккредитив сомасының 100%-на дейін.
Қаржыландыру шарттары және Импорттаушының Банкіне (Эмитент-банк) қаржыландыру бойынша шығыстар
  • Қаржыландыру Қазақстанда шығарылған шикізаттық емес тауарды/көрсетілетін қызметті жеткізу келісімшарттары бойынша беріледі.
  • Қаржыландыру мөлшерлемесі: СIRR + жылдық 2%
  • CIRR (Commercial Interest Reference Rate) - бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердегі экспорттық кредиттік агенттіктер белгілей алатын экспорттық кредиттер бойынша ең төменгі ресми мөлшерлеме: ол әр айдың 15 күні қайта қаралады және (осы елдің ішкі нарығында орналастырылатын және осы елдің ұлттық валютасында көрсетілетін) мемлекеттік облигациялар бойынша белгіленетін пайыздық мөлшерлемеге негізделеді. Мөлшерлеме бойынша ақпарат ашық болып табылады және OECD сайтында жарияланады.
  • Қаржыландыру мерзімі – 5 жылға дейін
  • Бір салымның ең жоғары көлемі (тиеп - жөнелту құжаттарының әрбір алынған пакеті бойынша орналастырылады) - 150 миллион теңге немесе шетел валютасындағы баламасы. Аккредитив шеңберінде төлемге бірнеше құжаттар пакеті ұсынылуы мүмкін және бір аккредитив шеңберінде орналастырудың ең жоғары сомасы бойынша лимит белгіленбейді, лимит тек әрбір құжаттар пакетінің сомасы бойынша ғана белгіленеді.

Өтінімге арналған құжаттар