Экспорттаушының кредитін сақтандыру
Құрал экспорттаушыға төлемді кейінге қалдыру шартымен экспортқа өнімді, жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде шетелдік контрагенттің қаржылық міндеттемелерді орындамау тәуекелінен қорғауды ұсынады
Сақтандыру тәртібі
- Экспорттаушы мен шетелдік сатып алушы төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігімен экспорттық келісімшарт жасайды
- Экспорттаушы KazakhExport-қа сақтандыруға өтініш береді
- KazakhExport өтінімді қарайды және экспорттаушымен сақтандыру шартын жасасады
- Экспорттаушы тауарларды жеткізеді және сақтандыру сыйақысын төлейді
- Егер шетелдік сатып алушы алынған тауарды төлемесе, KazakhExport экспорттаушының шығындарын өтейді
Қазақстандық экспорттаушылар үшін артықшылықтар
- Экспорттық келісімшарт бойынша төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін беретін шетелдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылық;
- Саяси тәуекелдерден қорғау;
- Импорттаушы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда шығындарды азайту;
- Шетелдік серіктестер үшін қолайлы шарттардың арқасында экспорт көлемін ұлғайту және географиясын кеңейту.
Коммерциялық тәуекелдер
- Импорттаушының банкроттығы;
- Импорттаушының келісімшартқа сәйкес қаржылық міндеттемелерін орындамауы.
Саяси тәуекелдер
- Транзит елінің не қазақстандық жұмыс, көрсетілетін қызмет, тауарды жеткізуге тағайындалған елдің не экспорттаушыға меншік құқығында тиесілі тауарға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге меншік құқығын, орындалған жұмыс нәтижесін экспроприациялау, тәркілеу, шектеу бойынша Импорттаушы елдің мемлекеттік органының әрекеті;
- Қазақстандық тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті жеткізуге тағайындалған елдің мемлекеттік органының осы тауарды жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді шектейтін немесе оған тыйым салатын күтпеген әрекеті;
- Сақтандырылған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі соғыс, азаматтық толқу, жаппай сипаттағы тәртіпсіздік;
- Импорттаушы елінің мемлекеттік органының еркін айырбасталатын валютаға айырбастауды және/немесе төлем аударуды шектейтін немесе оған тыйым салатын күтпеген әрекеті.
Сақтандыру өтелімінің үлесі
- Саяси тәуекелдер бойынша - келтірілген шығындар сомасының 80%-на дейін.
- Коммерциялық тәуекелдер бойынша-келтірілген шығындар сомасының 80%-на дейін.
Сақтандыру тарифінің көлемі
- Елдік тәуекелді бағалау және Импорттаушының Банкі (Эмитент-банк) бойынша талдау нәтижелері негізінде айқындалады.
Өтінімге арналған құжаттар
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf