Экспорттаушының қысқамерзімді дебиторлық берешегін сақтандыру
Экспорттаушының қысқа мерзімді дебиторлық берешегін сақтандыру - қазақстандық кәсіпорынға (экспорттаушыға) қазақстандық тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарында өткізуді көздейтін экспорттық келісімшарттар бойынша шетелдік контрагенттердің (импорттаушылардың) төлемеу қатерінен экспорттық келісімшарттардың барлық портфелін қорғауды алуға мүмкіндік беретін құрал.
Сақтандыру тәртібі
- Экспорттаушы импорттаушылармен төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігімен экспорттық келісімшарттар жасасады.
- Экспорттаушы KazakhExport - қа сақтандыруға өтініш береді.
- KazakhExport өтінімді қарайды және экспорттаушымен сақтандыру шартын жасасады.
- Экспорттаушы ең төменгі сақтандыру сыйлықақысын төлейді және тауарларды экспорттық келісімшарттарға сәйкес жеткізеді.
- Экспорттаушы KazakhExport-қа нақты сауда айналымы туралы ақпараты бар декларацияны ұсынады
- Бұрын төленген ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы мен декларация бойынша есептелген сыйлықақының арасында айырма туындаған жағдайда экспорттаушы қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлейді.
- Егер импорттаушылар алған тауар үшін ақы төлемесе, KazakhExport экспорттаушының шығындарын өтейді.
Сақтандыру өтемінің көлемі қандай?
- Коммерциялық және саяси сын-қатерлер бойынша сақтандыру өтемі шығын сомасының 80% құрайды
Өтінімге арналған құжаттар
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf
-
pdf