Корпоративтік хатшы | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Корпоративтік хатшы

Директорлар кеңесінің қызметін тиімді ұйымдастыру және басқарманың Жалғыз акционермен өзара іс-қимылы мақсатында Директорлар кеңесі корпоративтік хатшы тағайындайды.

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесіне есеп береді және атқарушы органға тәуелсіз болады.

Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету бөлігіндегі негізгі функциялар корпоративтік хатшыны мыналарды қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді:

  • Директорлар кеңесінің төрағасына жұмыс жоспарын және отырыстардың күн тәртібін қалыптастыруға көмек көрсету;
  • Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру;
  • Директорлар кеңесі мүшелерінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша және Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдау үшін қажетті сапалы, толық, өзекті және уақтылы ақпарат алуын қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесі мен Комитеттердің отырыстарын хаттамалау, Директорлар кеңесі мен Комитеттер отырыстарының хаттамаларын, материалдарын, сондай-ақ стенограммалар мен аудио, бейне жазбалар болған кезде сақтауды қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін қызметке енгізуді ұйымдастыру;
  • Директорлар кеңесі мүшелерінің атқарушы органмен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционердің қабылданған шешімдерінің тиісінше орындалуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету;
  • Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін іске асыру және сақтау мониторингі.

Тел: +7 (7172) 95-56-56 (ішкі.190)

E-mail: a.uralbayeva@kazakhexport.kz