Басшылық | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Басшылық

Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы

Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы

Басқарма төрағасы

Қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады

Білімі:                                                                  

2002 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын (университетін) ("Халықаралық заңгер"), 2011 жылы – Қазақ қаржы-экономикалық академиясын ("Экономист") бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.

  • 2020-2024 жылдары «QazExpoCongress» ҰК»АҚ Басқарма төрағасы болды.

  • 2015-2020 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарды.

  • 2014-2015 жылдары-Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті.

  • 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2009-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» Келісімшарт» ЖШС Басқарушы директоры қызметін атқарды және Қазақстан велосипед спорты федерациясының Вице-президенті болды.

  • 2008-2009 жылдары "Нұр Отан"Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі болды.

  • 2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2003-2006 жылдары дипломатиялық қызмет атқарды.

Куклин Сергей Геннадиевич

Стратегия және экономикалық жоспарлау департаментінің, Бухгалтерлік есеп департаментінің, Қазынашылық департаментінің жұмысына жетекшілік етеді.

Куклин Сергей Геннадиевич

Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма мүшесі

Білім:

  • 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірді;
  • 2024 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «іскерлік әкімшілендіру шебері» кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2024 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

  • Еңбек жолын 2005 жылы «TEXABANK» АҚ Несиелеу секторында бастады. Әр жылдары «Астана-Жылжымайтын мүлік» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұжымдарында түрлі қызмет атқарды.

 

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ акцияларын иеленбейді.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

Ержанова Мадина Нұржанқызы

Басқарма құрамына ағымдағы сайлау күні: 2024 жылғы 26 қыркүйек

Сақтандыру және кепілдік беру, сауданы қаржыландыру және субсидиялау, кредиттік талдау департаменттерінің жұмысына жетекшілік етеді.

Ержанова Мадина Нұржанқызы

Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма мүшесі

Білімі:

  • 2010 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдады;
  • 2011 жылы Глазго университетінің «Халықаралық бизнес және кәсіпкерлік» магистрі дәрежесін алды;
  • 2022 жылы Уорвик университетін «Іскерлік басқару магистрі» қайта даярлау бағдарламасы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2024 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2021-2024 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Стратегия және корпоративтік даму департаментінің директоры.

  • 2019-2021 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің жобасының басшысы.

  • 2017-2019 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері.

  • Еңбек жолын 2011 жылы бастады. Әр жылдары «АТФБанк» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұжымдарында түрлі қызмет атқарды.

 «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ акцияларын иеленбейді.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

Бектыбаева Аян Ерспайқызы

Басқарма құрамына ағымдағы сайланған күні: 2023 жылғы 15 наурыз

Тікелей сақтандыру және қайта сақтандыру андеррайтингі департаментінің, Тәуекелдерді басқару департаментінің, Қайта сақтандыру департаментінің, Актуарий және Орнықты даму менеджерінің мәселелеріне жетекшілік етеді.

Бектыбаева Аян Ерспайқызы

Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма мүшесі

Білімі:

  • 2003 жылы Мемлекеттік Қаржы Институтын экономист біліктілігін иеленеумен бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін  «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2018 жылдан 2021 жылға дейін  «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарушы директоры;
  • 2016 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін  «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Тікелей сақтандыру және қайта сақтандыру андеррайтингі департаментінің директоры;
  • 2014 жылдан 2016 жылға дейін – «АТФ Банк» АҚ Корпоративтік бизнестің кредиттік тәуекелдері басқармасының бастығы.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ акцияларына ие емес.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.

Балкин Айбол Жанатұлы

Ұйымдастыру қызметі департаментінің, Сатып алу департаментінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру департаментінің және Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жұмысына жетекшілік етеді.

Балкин Айбол Жанатұлы

Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма мүшесі

Білім:

  • 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын Заңгер мамандығы бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2000 жылы еңбек жолын «Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан бастады. Осы жылдар ішінде «Қазкоммерцбанк» АҚ валюталық бақылаушы, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Заң департаментінің директоры, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, «Бәйтерек» Ұлттық холдингі» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының директоры, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды;

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ акцияларына ие емес.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.

chat Кеңес ал!