Тұрақты даму | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Тұрақты даму

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ әлеуметтік жауапты ұйым ретінде өз қызметін ашықтық пен әдептілік қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырады және белгілі бір дәрежеде экономикаға, қоғамға және қоршаған ортаға әсер ететінін түсінеді. Өз қызметінде ЭКА орнықты даму қағидаттарын басшылыққа алады және әлеуметтік-экономикалық пен экологиялық даму арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысады, сондай-ақ БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын қолдайды. 2019 жылы ЭКА-ның Орнықты даму саясаты қабылданды (Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 48 шешімі). Саясатқа сәйкес ЭКА белгілі бір бағыттар бойынша өзі үшін ұзақ мерзімді бағдарлар белгіледі және орнықты даму мәселелерін ЭКА-ның бизнес-процестеріне біріктіру бойынша аталған Орнықты даму саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

ЭКА ұзақ мерзімді кезеңде орнықты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Экономика алдындағы жауапкершілік

Әлеумет алдындағы жауапкершілік

Экология алдындағы жауапкершілік

Жалғыз акционер мүддесін қорғау

Жұмысқа қабылдау кезінде ашық конкурс ұйымдастыру және баршаға бірдей мүмкіндік ұсыну 

Табиғатқа әсер ететін биологиялық және физикалық әсерді азайту

Қоғам қызметінің шығынсыз болуы

Әділ сыйақы және қызметкер құқықтарын сақтау

Шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану

Жұмыс барысының тиімділігін арттыру

Қызметкерлерді оқыту және білігін арттыру

Сақтау технологияларын қолдану

Шикізат емес экономиканың дамуына көмектесу

Ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 

 

Экономикалық тиімділікті арттыру, шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер экспортының өсуі, персоналды дамыту және еңбек жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін ұстап тұру, мүдделі тараптармен тұрақты негізде тиімді өзара іс-қимылға қол жеткізу ЭКА алдында тұрған және оның орнықты дамуға қосқан үлесіне ықпал ететін маңызды міндеттер болып табылады.

Ұзақ мерзімді перспективада жоғары экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу акционерлердің, мемлекеттің, жұмыскерлердің, өнім берушілер мен ЭКА клиенттерінің, қаржы институттарының және басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

Тұрақты даму мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттардың тізбесі

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексі

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Тұрақты даму саясаты

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Адам құқықтары жөніндегі саясаты

Экспорттаушыларға сақтандыру қолдауын көрсету кезінде «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Экологиялық және әлеуметтік саясаты

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Стейкхолдерлер картасы

«Жасыл» және өтпелі жобаларды талдау

«Жасыл» және өтпелі жобаларды талдау

ЭКА-ның Орнықты даму саясатын және бекітілген ЭКА-ның Климаттық өту стратегиясын іске асыру шеңберінде агенттік экспортты қолдау портфелінің құрылымына орнықты қаржыландыру мен климаттық жауапкершілік қағидаттарын жүйелі түрде біріктіреді.

Шикізаттық емес секторға бағдарланған ағымдағы салалық мамандануды ескере отырып, портфельде Қазақстан Республикасының орнықты қаржыландыру ұлттық таксономиясына сәйкес толықтай «жасыл» санатына жататын жобалар жоқ. Сонымен қатар, бұл климаттық әсердің жоқтығын емес, өңдеу және агроөнеркәсіптік жобалар басым болатын экспортталатын өнім құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді.

Бұл ретте қолдау тапқан жобалардың едәуір бөлігі өтпелі және орнықты санатына сәйкес келіп, экспорттық портфельді біртіндеп декарбонизациялаудың негізін қалайды. Қолдау көрсетілетін жобалар энергия тиімді және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу, шығарындылар мен қалдықтарды азайта отырып өндірістік процестерді жаңғырту, агроөнеркәсіп секторында шикізат пен энергияны пайдалану тиімділігін арттыру есебінен көміртек сыйымдылығын төмендетуге ықпал етеді.

Мұндай тәсіл халықаралық тәжірибелер мен бастамаларға, соның ішінде Net-Zero Export Credit Agencies Alliance (NZECA) қағидаттарына сәйкес келеді, онда тек «жасыл» жобаларды тікелей қолдауға ғана емес, сонымен бірге өтпелі шешімдерді дамыту арқылы портфельді түрлендіруге де басты мән беріледі.

ЭКА орнықты және өтпелі жобаларды климаттық трансформацияның маңызды элементі ретінде қарастырады. Бұй ұлттық экспортты дамыту міндеттері мен ұзақ мерзімді климаттық мақсаттарға жету қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы тәсілді дамыту мақсатында ЭКА ұлттық таксономияға және халықаралық стандарттарға негізделген жобаларды жіктеу жүйесін қалыптастырады, бұдан бөлек ЭКА GHG Protocol ұсынымдарына сәйкес көміртек изін бағалау құралдарын (Scope 3 — портфельдік шығарындыларды қоса алғанда) енгізуде. Болашақта портфельдегі «жасыл», өтпелі және орнықты жобалардың үлесін сандық бағалау, экспорттық қолдаудың көміртек сыйымдылығын мониторингтеу жоспарланған.

Осылайша, формалды түрде «жасыл» деп жіктелетін жобалар болмаған күннің өзінде, ағымдағы портфель төмен көміртекті даму мақсаттарына жетуге үлес қосуда және халықаралық климаттық міндеттемелерге әрі көміртек бейтараптығы мақсаттарына сәйкес келетін экспортты қолдаудың орнықты моделіне одан әрі өту үшін негіз қалайды.

Ішкі парниктер газын есептеу әдістемесі

2025 жылы парникті газдардың (ПГ) шығарындыларын есептеу әдістемесі бекітіліп, Scope 1, Scope 2 және Scope 3 бойынша есептер жүргізілді, сондай-ақ алғаш рет портфельдік шығарындыларға бағалау жасалды.

Аса маңызды назар қолдау көрсетілетін экспорттық жобалармен байланысты Scope 3 шығарындыларына аударылады, бұл портфельдің көміртектік бейінін анықтауға және декарбонизация бойынша болашақ мақсаттарды қалыптастыруға негіз береді.

ПГ шығарындыларының есептері халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізіліп, мынадай қағидаттарға негізделген:

2025 жылы ЭКА климаттық стратегия және тұрақты есептіліктің халықаралық стандарттары аясында парникті газдардың шығарындыларын есепке алу және ақпаратты ашу жүйесін дамытуды жалғастырды.

Шығарындыларды есептеу GHG Protocol және ішкі бекітілген парникті газдардың шығарындыларын есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Есепті жылда алғаш рет жүйелі негізде негізгі санаттар бойынша шығарындыларға бағалау жүргізілді:

  • Scope 1 – Агенттіктің бақылауындағы көздерден туындайтын тікелей шығарындылар;

  • Scope 2 – сатып алынған электр энергиясы мен жылу энергиясын тұтынуға байланысты жанама шығарындылар;

  • Scope 3 – қолдау көрсетілетін жобалар мен портфельдік қызметке байланысты шығарындыларды қоса алғандағы басқа да жанама шығарындылар.

Шығарындылардың базалық деңгейін қалыптастыру ЭКА-ға көміртектік ізін әрі қарай динамикалық түрде мониторинг жасауға, оны төмендетудің басым бағыттарын айқындауға және декарбонизация бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қолданылатын тәсіл GRI 305, IFRS S2 талаптарына және Қазақстан Республикасының 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсатына сәйкес келеді.

СО2 тікелей шығарындылары (Scope 1)

GRI 305-1, 201-2

Scope 1 ЭКА меншігіндегі немесе бақылауындағы көздерден туындайтын парникті газдардың тікелей шығарындыларын қамтиды.

Қоғам қызметтік автокөлікті дербес пайдалануды жүзеге асырмайды және жанар-жағармай материалдарын сатып алу мен тұтынуға тікелей шығындар жұмсамайды. Көлік қызметін көрсетуді келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде көлік құралдарын ұстау мен жөндеуді, оларға техникалық қызмет көрсетуді, сақтандыруды, ЖЖМ-мен қамтамасыз етуді және өзге де ілеспе қызметтерді қамтамасыз ететін сыртқы қызмет көрсетуші жүзеге асырады.

Көлік құралдары мен отынды тұтынуға қатысты операциялық бақылаудың болмауына байланысты көлік қызметтерін көрсетуге байланысты шығарындылар ЭКА-ның тікелей шығарындыларына (Scope 1) жатпайды. Мұндай шығарындылар жанама шығарындылар ретінде қарастырылады және Scope 3 санаттарында көрсетуге жатады.

Өндірістік процестердің, отынды жағатын меншікті көздердің және Қоғамның операциялық бақылауындағы басқа да объектілердің жоқтығын ескере отырып, есепті кезеңде парникті газдардың тікелей шығарындылары (Scope 1) орын алған жоқ.

СО2 жанама шығарындылары (Scope 2)

GRI 305-2, 201-2

Scope 2 ЭКА-ның сатып алынған электр энергиясы мен жылу энергиясын тұтынуы нәтижесінде туындайтын парникті газдардың жанама шығарындыларын қамтиды.

Негізгі көздер офистік үй-жайларда тұтынылатын электр энергиясы, сондай-ақ сыртқы жеткізушілерден алынатын жылу энергиясы болып табылады.

Жанама шығарындылар ғимараттың жалпы көлеміндегі жалға алынатын алаңның үлесіне пропорциона түрде анықталды.

  • Жалға алынатын алаң: 2 387,4 м²

16-кесте. 2025 жылғы ресурстарды тұтыну және Scope 2 есебі

Ресурс Өлшем бірлігі Көрсеткіш
Жылу энергиясы Гкал 215,89
Электр энергиясы кВт·ч 349 474,23
Жиынтық жанама CO₂e шығарындылары т CO₂e 448,73

2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық жанама шығарындылар мынаны құрады: 448,73 т CO₂e

Ғимарат қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға ықпал ететін энергоүнемдеу жүйелерімен және ресурстарды бақылау датчиктерімен жабдықталған.

Алынған деректер қоршаған ортаға әсерді азайту жөніндегі іс-шараларды ішкі мониторингтеу және жоспарлау үшін пайдаланылады.

СО2 басқа да жанама шығарындылары (Scope 3)

GRI 305-3, 201-2

Scope 3 ЭКА-ның тікелей операциялық бақылауынан тыс, бірақ оның қызметімен байланысты туындайтын парникті газдардың өзге де жанама шығарындыларын қамтиды.

Агенттік үшін Scope 3-тің негізгі көздері мыналар болып табылады:

  • қызметкерлердің қызметтік іссапарлары;

  • іскерлік сапарлар;

  • қолдау көрсетілетін экспорттық жобаларға байланысты шығарындылар;

  • клиенттер бойынша портфельдік шығарындылар;

  • басшылық пен қызметкерлерге қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қызметтік автокөлік.

Қаржы ұйымдары үшін Scope 3 көміртектік ізін айтарлықтай бөлігі болып табылады.

Іссапарлар және іскерлік сапарлар (GRI 305-3)

2025 жылы ЕКА қызметкерлер мен басшылықтың қызметтік іссапарларына байланысты жанама шығарындыларға бағалау жүргізді.

Есеп көліктің негізгі түрлері бойынша халықаралық шығарындылар коэффициенттерін қолдана отырып орындалды және әуе, теміржол және автомобиль көлігін қамтиды.

17-кесте. Іскерлік сапарлар бойынша Scope 3 шығарындылары

Көлік түрі Қашықтықты бағалау Шығарындылар, т CO₂e
Әуе көлігі 1 017 023 км 202,47
ТЖ көлігі 10 694 км 0,38
Автокөлік 10 444 км 1,79
Қызметтік автокөлік 134,7 24,25
Барлығы 228,80
Тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларды қолдау

2017 жылы Қоғам 160-тан астам елдің 12 мыңға жуық компаниясын біріктіретін әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ауқымды халықаралық бастама – БҰҰ Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылды.  Жаһандық шарт адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ұстанатын қағидатты декларациялайды.

Жаһандық шарт қатысушыларды қазіргі және болашақ ұрпақтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттарын қолдауға шақырады.

Қоғамның негізгі құндылықтарының бірі - бизнесті жауапкершілікпен жүргізу. Қоғам адам құқықтары, еңбек қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық декларациялар қағидаттарын, оның ішінде ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындар үшін басқарушы қағидаттарын ұстанады және қолдайды.

Осы халықаралық құжаттардың қағидаттары Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында бекітіледі және Қоғамның бизнес-процестеріне ықпалдастырылады.

Іскерлік этика

Кез келген компания жетістігі оның қызметкерлерімен тікелей байланысты. Компанияның беделі, табысты және тұрақты дамуы үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Қоғам жұмысқа қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге және әрбір қызметкердің әлеуетін арттыруға көп көңіл бөледі. Қоғамда ең үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес әзірленген Іскерлік этика кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданылады.

Кодекс – корпоративтік мәдениеттің маңызды құралдарының бірі. Кодексте бекітілген корпоративтік құндылықтар мен бағдарлар әрбір қызметкерден саналы белсенділік пен бастаманы талап етеді. Қызметкерлердің тәртіптің бірыңғай қағидаттары мен стандарттарын ұстануы жалпы мақсаттармен, мінез-құлық мәдениеті мен дәстүрлерімен біріктірілген сенімді және жоғары кәсіби команданың қалыптасуына ықпал етеді, сонымен қатар компанияның өзінде де, серіктестермен де, клиенттермен де өзара түсіністікті тиісті деңгейде сақтауға көмектеседі.

Қоғамдағы жұмыс мемлекеттің, нарық пен қоғамның талаптарына сәйкес келетін және «комплаенс» терминінің негізін құрайтын заңнамалық, этикалық және кәсіптік нормалар мен стандарттарды мүлтіксіз сақтауын көздейді. Қоғам операциялық және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде кез келген нысанда және көріністерде сыбайлас жемқорлықты жою қағидатын ұстанады.

Мүдделі тараптармен өзара байланыс

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау – бизнес-процестерді ұйымдастыру жүйесіндегі құрамдас бөліктердің бірі. Қоғам мүдделі тараптармен, акционерлермен, қызметкерлермен, өндірушілермен және клиенттермен, сондай-ақ билік органдарымен ұзақмерзімді және өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға ұмтылады.

Қоғам мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынасын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты негізінде құрады. Қоғам қолдайтын жобалар отандық кәсіпорындардың дамуына жаңа серпін береді, отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді.

Мүдделі тараптармен сенімді қарым-қатынас орнату ашық есепті ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Қоғам ұзақмерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылады және барлық мүдделі тараптардың  талабын ескеруге тырысады.

Біздің мүдделі тараптарымыздың жан-жақтылығын ескере отырып, Қоғамда барлық мүдделі тараптармен, мейлі ол жеке тұлға болсын, ірі ұйым болсын, өзара іс-қимыл жасаудың әртүрлі тетіктері бар.

Әлеуметтік жауапкершілік

Қоғам барлық мүдделі тарап алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, әлеуметтік алдында жауапты компания екенін түсінеді. Қоғам қоршаған ортаны қорғау, еңбек және жұмыспен қамту мәселелерін реттеу саласында әлеуметтік саясат жүргізеді.

Адам құқықтарын сақтау

Қоғам қазақстандық заңнамамен қатаң сәйкестікте әрекет етеді.

Адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық құжаттардың қағидаттары «KazakhExport» ЭСК» АҚ Іскерлік этика кодексінде, қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген, корпоративтік бизнес-процестерге біріктірілген.

Қоғам өзінің барлық серіктестерінен, жеткізушілерінен және клиенттерінен адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын тануды және өз қызметінде адам құқықтары саласындағы негізгі қағидаттарды ұстануды күтеді.

Қоғамда қажетті рәсімдер қолданылады, олардың мақсаты адам құқықтарын сақтау саласындағы шағымдар мен арыздарға жедел әрекет ету болып табылады.

Қызметкерлерді оқыту және дамыту

Қоғамның басты активі - бұл тиімді жұмыс істеуге ынталандырылған жоғары кәсіби қызметкерлер.

Қоғамның әрбір қызметкерінің кәсіби қызметіндегі және командалық жұмысындағы табысы олардың  білімдері мен дағдыларының көлеміне байланысты болады. Қоғам өз қызметкерлерінің қабілеттері мен дағдыларын үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді. Персоналды оқыту және дамыту саласындағы саясаттың негізгі аспектісі ішкі өсу және кәсіби даму стратегиясы болып табылады.

Карантин кезеңінде қашықтан оқыту жүйесі белсенді қолданылуда, онда қызметкерлердің білімге тез және ыңғайлы қолжетімділігін қамтамасыз ететін көптеген корпоративтік курстар мен мультимедиялық құралдар бар.

Корпоративтік мәдениет

Корпоративтік мәдениет Қоғам қызметіндегі маңызды буын, Қоғамның табысты даму стратегиясының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады, ол персоналмен, серіктестермен және клиенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қоғам ұстанатын басты бағдарлар мен құндылықтарға негізделеді.

Қоғамның корпоративтік мәдениеті саласындағы негізгі бастамалардың ішінде келесі бағыттарды атап өтуге болады:

  • Іскерлік этика
  • Ішкі коммуникациялар және қызметкерлердің қатысуын талдау
  • Корпоративтік іс-шаралар

Ішкі коммуникациялар немесе қызметкерлерді тарту – Қоғамның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі және қызмет тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі. Бүгінгі таңда Қоғамда персоналды Қоғамда болып жатқан негізгі өзгерістер, жобалар мен оқиғалар туралы уақтылы ақпараттандыру, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастық пен білім алмасуды қолдау міндеттері бірінші орында.

Корпоративтік мәдениетті және ішкі коммуникация жүйесін одан әрі дамыту бағыттарын дұрыс анықтау үшін қоғамда тұрақты негізде әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Зерттеулер қызметкерлердің кадрлық және әлеуметтік бағдарламалармен хабардар болу және қанағаттану деңгейін бағалауға, ықтимал және бар тәуекелдер аймақтарын анықтауға, сондай-ақ қоғамның кадрлық және әлеуметтік саясатын дамыту бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

Экологиялық жауапкершілік

Қоғам қызметінің бағыты экологияға теріс әсер ететін санатқа жатпайды. Қоғам табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға тырысады, осылайша барлық мүдделі тараптарға үлгі болады.

Презентация

Парниктік газдар шығарындылары

Климаттық күн тәртібінің дәрежесі жыл сайын өсуде, осыған байланысты парниктік газдар шығарындыларын реттеу және оларды есепке алу жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар саны артып келеді.

Парниктік газдарды (ПГ) есепке алу немесе компаниялар мен басқа субъектілердің шығарындыларын өлшеу 1990 жылдардың аяғында пайда болды, бірақ соңғы бірнеше жылда ерікті және соңғы уақытта климат туралы ақпаратты ашу бойынша міндетті корпоративтік бастамалардың таралуына байланысты оған қызығушылық күрт өсті.

Парниктік газдар шығарындылары туралы ақпаратты ашу климаттың өзгеруі мен есеп берудің салдарын жеңілдетудің маңызды құралы, сондай-ақ шығарындыларды азайту бойынша зор мақсаттарға жету жолындағы негізгі қадам болып табылады. Климаттың өзгеруінің ең төменгі салдарына жол бермеу үшін, парниктік газдардың жаһандық шығарындылары 2030 жылға қарай екі есе азайып, нәтижесінде таза нөлге жетуі керек. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қол жеткізу процесі парниктік газдарды есепке алудан басталады

Парниктік газдарды есепке алу (ПГ), сонымен қатар көміртекті есепке алу деп аталатын келісілген хаттамаларға сәйкес стандартталған әдістерді және олар бойынша есептілікті пайдалана отырып, ПГ шығарындыларын өлшеуге және мониторингтеуге жатады. Бұл стандартталған әдістер компанияларға, үкіметтерге және жеке тұлғаларға ПГ шығарындыларының мөлшерін олардың операциялары арқылы да, жанама түрде жеткізілім тізбегі мен тұтынушылар арқылы кейінгі кезеңдерде өлшеуге мүмкіндік береді.

Парниктік газдардың корпоративтік есебі әсіресе маңызды, өйткені бизнес парниктік газдар шығарындыларының негізгі факторы болып табылады.

Компаниялардың көміртегі есептілігі олардың инвестициялық тартымдылығын анықтайтын Есептіліктің ең маңызды түрлерінің біріне айналады.

Анықтама: GHG Protocol (Greenhouse Gas Protocol) «парниктік газдар хаттамасы» (GHG). Бұл парниктік газдар шығарындыларын есепке алуға арналған салалық нұсқаулықтар мен басқа құралдардың жиынтығы, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын түсінуге, сандық бағалауға және басқаруға мүмкіндік беретін кеңінен қолданылатын халықаралық есеп құралы.

Хаттамаға сәйкес, компанияның парниктік газдар шығарындылары тікелей және жанама болып бөлінеді және Scope 1, Scope 2 және Scope 3. үш санаты бойынша жіктеледі.

Әдетте, санаттар бойынша есептеуді қызметі әлемдік нарықтарға өнімдерді немесе қызметтерді жеткізумен байланысты ірі компаниялар жүргізеді.

Компания шығарындыларының қандай түрлерін өлшеуі және ашуы керек? Компаниялар климатқа әсерін жан-жақты бағалай алуы үшін олар өз қызметінен туындаған шығарындыларды ғана емес, сонымен қатар олар сатып алатын шикізат пен сататын тауарларды пайдалануды да өлшеуі керек.

Компанияның шығарындыларға әсер ету жиынтығын есептеу үш бағытты бағалауды қажет етеді:

1-аймақ (Scope 1) компания иелік ететін немесе басқаратын көздерден парниктік газдардың тікелей шығарындыларын білдіреді. Бұл шығарындылар әдетте жергілікті жерде, мысалы жүк көлігін қозғалту үшін қолданылатын дизельді отынын жағу кезінде, немесе электр энергиясын өндіру үшін көмірді жағу кезінде болады.

2-аймақ (Scope 2) сатып алынатын электр энергиясының, будың, жылудың және салқындатудың жанама шығарындыларына жатады. Мысалы, электр энергиясын тұтынушының 2 аймағының шығарындылары электр энергиясын өндіруші компанияның 1 аймағының шығарындылары болады.

3-аймақ (Scope 3) бастапқы және соңғы кезеңдегі компания қызметінің жанама шығарындыларына жатады. Олар компанияның бақылауынан тыс жүреді және оның құнын құру тізбегімен байланысты Мысалы, ұялы телефон пайдаланушысы телефонын зарядтаған кезде пайда болатын жанама шығарындылар, 3 аймақтың бастапқы кезеңінде ұялы телефон өндіруші компанияның шығарындылары болады. Сол сияқты, телефонды жасау үшін қажет материалдардың шығарындылары 3-аймақтың бастапқы кезеңінде ұялы телефон өндірушісінің шығарындылары болады.

Неліктен парниктік газдар шығарындыларын есепке алу және корпоративтік климат туралы ақпаратты ашу маңызды?

Стандартталған өлшеу және шығарындылар бойынша есеп беру әдісін қолданумен компаниялар көміртегі ізін азайтуға және шығарындыларды азайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге үлес қосуға болатын аймақтарды анықтай алады. Парниктік газдар шығарындыларын есепке алу сонымен қатар компанияларға құнын құру тізбегіндегі шығарындылармен байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға, құнын құру тізбегіндегі серіктестерді парниктік газдарды басқаруға тартуға және парниктік газдар нарығына қатысуға көмектеседі.

Парниктік газдарды дәл және сенімді есепке алу және есеп беру мүдделі тараптар мен инвесторлардың компанияның тұрақты тәжірибелеріне және оның болашақ перспективаларына деген сенімін арттыра алады. Парниктік газдарды есепке алу стандарттары сонымен қатар корпорациялардың шығарындылары туралы ақпаратты және мақсатты көрсеткіштерді белгілеу бойынша бастамаларды ерікті түрде де, міндетті түрде де жария етуге негіз болады.

Әлемдегі парниктік газдар шығарындыларының корпоративтік есебін не күтіп тұр? 2025 жылы ірі листингілік еуропалық компаниялар Еуропалық тұрақты даму туралы есеп беру стандарттарына сәйкес алғашқы тұрақты даму туралы мәлімдемесін жариялау қажет болады.Шағын және орта кәсіпорындар 2026 жылы жариялауы керек.

2024 жылы ішкі парниктер газын есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін шығарындылар туралы толық ақпарат жарияланды. Ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2022, 2023 және 2024 жылдарға қатысты деректер ұсынылды.

Есептеулер халықаралық тәжірибеге сай жүргізілді, негізгілері:

  • Эмиссия коэффициенттері IPCC халықаралық дереккөздерінен алынды.

  • Сапарларға байланысты шығарындылар (әуекомпаниялардың тарифі мен қашықтықтары ескерілді).

  • Scope 2 санаты бойынша — электр энергиясының орташа ұлттық коэффициенттері арқылы есептелді.

Деректердің толықтығы мен дәлдігін арттыру мақсатында:

  • Scope 3 санаты қаптауы кезең-кезеңімен кеңейтіліп, қосымша жанама шығарындылар енгізілмек.

  • Парниктер газын қысқарту бойынша ұлттық және халықаралық климат стратегияларына сай мақсаттық индикаторлар бекітіледі.

Шығарындылар туралы ақпарат ұзақ мерзімді климаттық стратегияны дайындаудың және экологиялық‑шағылыс тәуекелдерді басқару ішкі нұсқаулығын жасаудың негізін құрайды. Компания тұрақты даму принциптеріне, деректердің сапасын үздіксіз жақсартуға және БҰҰ‑ның 13‑ші тұрақты даму мақсаты – “Климаттық өзгеріспен күреске” – сәйкестікке адалдығын растайды.

       Scope 1 – Тікелей СО₂ шығарындылары (GRI 305-1)

Өндірістік процестер болмағандықтан және автокөлікті аз пайдаланғандықтан, тікелей шығарындылар аз. Сондықтан қазірде оларды сандық есептеу жүргізілмейді. Мөлшер өзгерген жағдайда мониторинг жүйесін енгізу қарастырылып отыр.
Сапарлардағы автокөлік тұтынуы негізінде CO₂ шығарындылары есептелді:

  • 2023 жыл — шамамен 33,27 т CO₂

  • 2024 жыл — шамамен 19,90 т CO₂
    (2022 жылғы деректер жоқ.)

    Scope 2 – Косвенный СО₂ шығарындысы (GRI 305-2)

Бұл санатқа жалға алынған кеңселердегі электр, жылу және су тұтыну әсер еткен. Аймақтың үлесіне сәйкес есептелді.

  • 2022 жыл — 34,72 т CO₂

  • 2023 жыл — 38,03 т CO₂

  • 2024 жыл — 41,04 т CO₂
    Өсу ресурстарды көбірек пайдалану, кеңсені кеңейту және қайта толық ашылу сияқты факторларға байланысты болды. Ғимарат энергия үнемдеу жүйесі мен сенсорлық бақылаумен жабдықталған.

    Scope 3 – Басқа жанама СО₂ шығарындылары (GRI 305-3)

Мұнда қызметтік сапарлардың шығарындысы қарастырылады. Бухгалтерлік есеп:

  • 2022 жыл — 5 008,71 кг CO₂

  • 2023 жыл — 10 618,00 кг CO₂

  • 2024 жыл — 34 709,50 кг CO₂
    Өсу пандемиядан кейін сапарлардың қайта қалпына келуіне, халықаралық форумдарға және серіктестермен кездесулерге байланысты.

Болашақта Scope 3 аясын кеңейтіп, мердігерлердің транспорт, сатып алынған заттар мен қызметтер әсері сияқты шығарындылар да қамтылады.

Экспорттық-кредиттік агенттікте (ЭКА)

Қазіргі кезде парниктер газдарының шығарындысы екінші деңгейлі есептелуде — металлургия, химия, тамақ және машина жасау салалары бойынша, ЭКА қолдаған жобалар аясында. Есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға (GHG Protocol, PCAF, IFRS S2, TCFD) негізделген. Особое внимание уделяется Scope 3 шығарындысына, сонымен қатар Қазақстанға бейімделген салалық эмиссия коэффициенттері қолданылып отыр.

Осы есептердің нәтижесі ЭКА-ға климаттық тәуекелдерді дәлірек бағалап, декарбонизация басымдықтарын анықтап, климаттық талаптарды экспорттық қолдау шешімдеріне енгізуге мүмкіндік береді. Бұл қадам Республикасының Париж келісіміне сәйкес жаһандық стандарттарға жауап береді.

2025 жыл қорытындысы бойынша парниктік газдар шығарындылары туралы ақпарат
(Scope 1 және Scope 2, Scope 3 – 6, 7 және 15 санаттары)

2025 жыл климаттық метрикалар жүйесін қалыптастырудағы негізгі кезең болды. Қоғам тарапынан:

  1. парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі бекітілді;
  2. Scope 1, Scope 2 және Scope 3 шығарындылары бойынша есептеулер жүргізілді;
  3. портфельдік шығарындыларға бағалау жасалды;
  4. халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкес шығарындылар туралы деректер жарияланды.

Ерекше назар экспорттық жобалармен байланысты Scope 3 шығарындыларына аударылады. Мұндай есептеулер сақтандыру портфелінің көміртектік профилін анықтауға, көміртек сыйымдылығы жоғары салаларды айқындауға және болашақ декарбонизация мақсаттарына негіз қалауға мүмкіндік береді.

1. Scope 1 Тікелей шығарындылар

Scope 1 Қоғамның меншігіндегі немесе бақылауындағы көздерден туындайтын парниктік газдардың (ПГ) тікелей шығарындыларын қамтиды.

Негізгі көздер: қызметтік автокөліктер (дизель, бензин, мазут, табиғи газ және майлар), кеңселерді жылыту және пайдалану, сондай-ақ Қоғам бақылауындағы қазбалы отынды жағатын өзге де жабдықтар.

Осылайша, Scope 1 Қоғамның операциялық қызметі арқылы тікелей бақылай алатын барлық шығарындыларды қамтиды.

Қоғам GHG Protocol жіктемесін қолданады (қаржы ұйымдарына бейімделген). Scope 1 — басқаруға ең оңай сегмент, себебі ол энергия тұтыну мен көлікке тікелей байланысты.

Өндірістік процестердің болмауын және автокөлікті шектеулі пайдалануды ескере отырып, шығарындылар көлемі аз. Есепті кезеңде қызметтік көліктердің нақты жүрісіне негізделген CO₂ бағалау жүргізілді.

Қызметтік автокөліктердің жалпы жүрісі (2025): 134 710 км

Есеп формуласы:
жүрілген қашықтық × көлік құралының меншікті шығарындылар коэффициенті = CO₂ шығарындылары

2025 жылы Scope 1 шығарындылары шамамен: 24,25 т CO₂e

Бұл көрсеткіш бағалау сипатында және базалық деңгей ретінде қолданылады. Болашақта көлік түрі мен жанармайға қарай нақтыланады.

2. Scope 2 Жанама шығарындылар

Scope 2 — сатып алынған энергияны тұтынудан туындайтын жанама шығарындылар.

Негізгі көздер:

  • электр энергиясы
  • жылу энергиясы (жылыту, ыстық су)

Scope 2 Қоғамның өзі өндірмейтін, бірақ пайдаланатын энергия арқылы климатқа әсерін көрсетеді.

GHG Protocol әдістемесі қолданылады. Энергия үнемдеу және «жасыл» энергияға көшу басым бағыт болып табылады.

Шығарындылар жалға алынған кеңселерге пропорционалды есептеледі.

Жалға алынған алаң: 2 323,9 м²

Ресурстар тұтыну:

Ресурс Өлшем бірлігі Көрсеткіш
Жылу энергиясы Гкал 179,86
Су м³ 1 226,76
Электр энергиясы кВт·сағ 340 653,88

Жалпы Scope 2 шығарындылары: 203,8 т CO₂

Бұл деректер ішкі мониторинг үшін қолданылады және ресми көрсеткіш болып табылмайды.

3. Scope 3 Жанама шығарындылар

Scope 3 — ұйымнан тыс, бірақ оның қызметімен байланысты барлық жанама шығарындылар.

Қоғам үшін бұл негізгі үлесті құрайды.

Негізгі көздер:

  • қызметкерлердің жұмысқа қатынауы
  • іссапарлар (ұшақ, пойыз, автокөлік)
  • жалға алынған көлік
  • қаржыландырылған экспорттық жобалар

GHG Protocol және PCAF ұсынымдары қолданылады.

2025 жылы іссапарлар бойынша есеп:

Көлік түрі Қашықтық Шығарындылар
Әуе көлігі 1 017 023 км 202,47 т CO₂e
Теміржол 10 694 км 0,38 т CO₂e
Автокөлік 10 444 км 1,79 т CO₂e

Жалпы: 204,64 т CO₂e

4. Scope 3 Портфельдік шығарындылар (15-санат)

Бұл санат Қоғам қолдайтын экспорттаушылардың шығарындыларын қамтиды.

Есептеулер:

  • экспорттаушылар деректері
  • салалық коэффициенттер
  • көміртек ізі модельдері

Мақсаты:

  • климаттық тәуекелдерді бағалау
  • төмен көміртекті экспортты дамыту

Қазіргі жүйе даму кезеңінде және белгілі бір болжамдарға негізделген.

Портфельдік шығарындылар (downstream Scope 3)

Компания Сала Шығарындылар (тCO₂e)
1 AIIG Kazakhstan Мақта өңдеу 741,83
2 Green Capital Kazakhstan Көкөніс өсіру 5100
3 ALTAI MAI Май өндірісі 466,7
4 АСТАНА ТИТАН Металл қалдықтарын өңдеу 150
5 Шин-Лайн Балмұздақ өндірісі 6753
6 Промбаза-7 Май және шрот өндірісі 5684
7 Talas Investment Химия өнеркәсібі 0,08
8 Qaragandy Power Silicon Электр энергиясы 981
9 Терра Мал шаруашылығы 496
10 Кокшетау-Мельинвест Ауыл шаруашылығы 42
11 Қызылту ұн комбинаты Ауыл шаруашылығы 44

Ескертпе:

  • Есептеу downstream Scope 3 формуласы бойынша жүргізілді
  • Scope 1 және Scope 2 жеке анықталады
  • ЭКА үлесі ескерілді (attribution factor)
  • Тек нақты шығарындылар есепке алынады

Көптеген экспорттаушылар үшін бұл — парниктік газдар туралы есептілікті алғаш рет ашу тәжірибесі.

2025 жылғы деректер толық емес және бағалау сипатында.

Корпоративтік құжаттар

consultation Кеңес ал!