Сыртқы аудит | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Сыртқы аудит

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес, 2024–2026 жылдардағы қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «ПРАЙСУОТЕРХАУСКУПЕРС» ЖШС айқындалды.

2024–2026 жылдар аралығында сыртқы аудитор көрсететін қызметтер тізбесі:

1. Қаржылық есептіліктің жартыжылдық шолуын жүргізу, оған мыналар кіреді:

  1. 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі кезең үшін МСБУ №34 талаптарына сәйкес дайындалған қысқартылған жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілікке ISRE 2410 стандартына сәйкес шолу жүргізу және шолу қорытындысын ұсыну;
  2. 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі әрбір қаржы жылының 30 маусымындағы жағдай бойынша жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілік пакетіне (оны жүргізу талап етілген жағдайда) шолу жүргізу, ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының отырысы хаттамасымен бекітілген форматта шоғырландыру мақсатында дайындалады;

2. Аралық аудиторлық рәсімдерді жүргізу – 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезең қорытындылары бойынша жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілікке қатысты;

3. Жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу, оған мыналар кіреді:

  1. 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі әрбір қаржы жылы үшін жеке және/немесе шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізу, оның мақсаты – қаржылық есептіліктің барлық маңызды аспектілер бойынша ХҚЕС талаптарына сәйкес дұрыс жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру;
  2. 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі әрбір қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландыру мақсатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының отырысы хаттамасымен бекітілген форматта дайындалған жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілік пакетіне аудит жүргізу;
  3. 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі әрбір қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталатын жыл үшін жағдай бойынша және сол кезеңге арналған жеке және/немесе шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізу. Аталған есептілік Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» №234-III Заңына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік актісімен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес дайындалады;

4. Ілеспе қызметтер көрсету.

Қаржылық есептілік аудитін сатып алу туралы шарт шеңберінде сыртқы аудитор бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу мәселелері бойынша консультациялар береді, сондай-ақ қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетіне/Директорлар кеңесіне презентациялар ұсынады.

consultation Кеңес ал!