Тәжікстанға қазақстандық өнім экспорты $800 млн құрады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Тәжікстанға қазақстандық өнім экспорты $800 млн құрады

2022 жылғы 12 сәуірде Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаева Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Хайрулла Ибодзодамен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының 2020 жылмен салыстырғанда 46,9% - ға өсуі ($800,3 млн-нан $1,2 млрд-қа дейін) байқалады.

"Қазақстан жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту міндетін қойып отыр. Осыған байланысты, қазақстандық кәсіпорындар $138,4 млн.сомасына экспортты ұлғайта алатын 60 тауар позициясын жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынамын," - деп мәлімдеді Қайрат Төребаев. 

Сондай-ақ, қазақстандық тарап "KazakhExport" қаржылық тетіктерін пайдаланудың оң тәжірибесін атап өтіп, осы құралдарды қолдану аясын кеңейтуді ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық миссияларды өткізу тәжірибесін жалғастыруға келісті.

Елдер арасында ТМД еркін сауда аймағы туралы шарт шеңберінде сауданы жүзеге асыру үшін тиімді нормативтік-құқықтық база қалыптастырылғаны, алаңында бизнес топтардың өзекті және проблемалық мәселелерін тұрақты негізде қарауға бастамашылық жасалатын Қазақстан-тәжік Үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейтіні, сондай-ақ тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі шаралар талқыланатыны атап өтілді.

Тараптар ҮАК кезекті отырысын өткізуге дайындықты Қазақстанда 2022 жылдың екінші жартыжылдығында бастауға уағдаласты.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында тараптар ҮАК аясында одан әрі қол қою мақсатында 2022-23 жылдарға арналған тауар айналымын арттыру жөніндегі Жол картасының жобасын талқылады.

Толығырақ >>