Әркімнің қосқан үлесі маңызды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Әркімнің қосқан үлесі маңызды

Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік – KazakhExport-тың тұрақты даму саласындағы қызметінің басты бағдары. БҰҰ Жаһандық шартының, ашықтық пен әдептілік қағидаттарына, тұрақты прогреске ұмтылуға негізделген сол бағдарлар Қоғамның Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 20 қарашадағы шешімімен қабылданған «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның Тұрақты даму саясатында (бұдан әрі - ТДС) көрсетілген. 

Сонымен қатар, Қоғамда 2020-2021 жылдарға арналған ТДС іске асыру жөніндегі жоспар қолданылады, оның іс-шаралары тұрақты даму мәселелерін KazakhExport-тың барлық бизнес-процестеріне дәйекті түрде интеграциялауға бағытталған.

Бастапқы кезеңде компанияның барлық қызметкерлері ТДС қағидаттарын оқытудан өтті және тестілеу өткізу арқылы осы саладағы өз білімдерін бекітті.

 – Жасалған дайындық жұмысы өте маңызды, өйткені әрбір қызметкердің тұрақты дамудың мақсаттары мен міндеттерін қаншалықты түсінетіні және қабылдайтыны, оларды компанияның миссиясымен және осы процеске қосқан үлесімен байланыстыруы - Қоғамда ТДС-ты іске асыру тиімділігіне әсер етеді, - дейді халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрлан Жанбатыров.

Оның айтуынша, бұл, көптеген адамдар бірінші кезекте ойлайтындай, экономикалық және әлеуметтік компоненттер ғана емес, сонымен қатар бұл экологиялық сананы қалыптастыру: «жасыл кеңсе» қағидаты бойынша ресурстарды ұтымды пайдалану, электр энергиясы мен суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау және тағы басқалар.

Қызметкерлердің құштарлығы, олардың өз жұмыстарын мүмкіндігінше жақсы орындауға деген ұмтылысы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Осы жылы «Ernst & Young Kazakhstan» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Қоғам қызметкерлерінің тартылу деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға өсіп, 85%-ды құрады.

 - Осы жылы жүргізілген зерттеудің қорытындысы бойынша біздің компания «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарымен салыстырғанда, тартылу деңгейінің ең жоғары өсуін көрсетті және Холдингтің барлық еңшілес ұйымдары арасында қызметкерлердің тартылу деңгейі бойынша екінші орынға көтерілді, - деп нақтылады Н. Жанбатыров.  

Өз кезегінде, әлеуметтік жауапкершілік бағыты бойынша компания ашық конкурстық рәсімдерді және жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктерді барынша қамтамасыз етуге, әділ сыйақы беруге және қызметкерлердің құқықтарын сақтауға, оларды оқыту мен кәсіби дамытуға, ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға ұмтылады. 

Қоғамдағы ТДС-тің барлық бағыттары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://kazakhexport.kz/ru/page/politika-ustoychivogo-razvitiya