Өзбекстанның ірі сауда желісінің өкілдері Қазақстанға келді | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Өзбекстанның ірі сауда желісінің өкілдері Қазақстанға келді

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы Өзбекстанның MAKRO ірі сауда желісі мен отандық фуд және нон-фуд секторының өндірушілері арасында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бірқатар бизнес-кездесулер ұйымдастырды.

Бес күн бойы, 4 - 8 сәуір аралығында MAKRO тамақ өнімдері бөлшек сауда дистрибьюторының басшылығы «Маслодел», «Бижан», «Цесна», «RG Brands», «Камертон», «Raimbek», «MPS» және басқа көптеген отандық өндірушілермен кездесті. Қазақстандық өндірушілер тарапынан 57-ден астам компания шақырылды. Іскерлік кездесулер аясында қазақстандық тауарларды Қазақстанның барлық өңірлерінен MAKRO өзбек супермаркеттері желісінің сөрелеріне ілгерілету бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

MAKRO логистика департаментінің директоры Алекcандр Борзов бүгінде олардың супермаркеттері мен гипермаркеттері қауіпсіз сапалы тауарлармен және кредит картасының көмегімен төлем жасау мүмкіндігімен қалыпты жағдайда қолайлы сатып алуды ұсынатынына сенімді. «Сондықтан біз Өзбекстанда да, бүкіл Орталық Азияда да өз қызметіміздің аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2021 жылы MAKRO 20 супермаркет пен 80 экспресс-маркет ашуды жоспарлап отыр. Біз желіміздің дамуына берік сенеміз, себебі Өзбекстандағы тұтынушылардың мінез-құлқы және күнделікті сатып алу әдеттері Ресей мен Қазақстан сияқты көрші елдердегі сияқты базарлардан дүкендерге ауысады», - деп баса айтты ол.

«Kazakh Export» Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Калигазин мұндай кездесулер Қазақстанның түкпір-түкпірінен FMCG секторының өндірушілеріне жаңа өткізу нарықтарын іздеуге мүмкіндік беретінін, ал өзбекстандық MAKRO желісі сияқты ірі ойыншымен серіктестік қазақстандық компаниялардың өсуін, ең бастысы - жергілікті брендтердің бүкіл Орталық Азияда танымалдылығын қамтамасыз етететінін атап өтті. «MAKRO жоғары стандарттар бойынша жұмыс істейді және Өзбекстан нарығындағы мықты ойыншы болып табылады. Мысалы, 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай олар екі ISO 9001 және 22000 стандарттарына сәйкес интеграцияланған жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Өзбекстандағы әріптестермен тығыз байланыс және серіктестік қарым-қатынас - бұл жеңілуші болмайтын жеңіс», - деп түйіндейді Калигазин мырза.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы»  АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

MAKRO супермаркеттер мен гипермаркеттер желісі 2010 жылы құрылды, бұл кезде Ташкентте Orient компаниялар тобының басқаруындағы Megaplanet Mall сауда орталығында алғашқы MAKRO дүкені ашылды. Бүгінде MAKRO - Өзбекстанның 27 қаласында орналасқан ірі ритейлер.

Фото: east-fruit.com