Ташкентте қазақстандық тауарларды Өзбекстанға жеткізуді қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Ташкентте қазақстандық тауарларды Өзбекстанға жеткізуді қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды

«KazakhExport» ЭСК» АҚ өкілдерінің Өзбекстан Республикасына екі күндік сапары кезінде KazakhExport компаниясы басшылығының елдің бизнес-қоғамдастығымен және жетекші банктерінің өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулері өтті.    

Сапар барысында KazakhExport-тың «Ипак Йули Банк» АИКБ-мен отандық қара металлургия кәсіпорындары мен ұн өнімдерін Өзбекстанға жеткізуді қаржыландыру бойынша келісімге, Ақтөбе облысында орналасқан ет кластері өнімдерін Өзбекстанға экспорттық жеткізу жобасын іске асыру бойынша «Азия Альянс Банк» АКБ-мен келісімге қол қойылды.   

- Өзбекстан нарығы қазақстандық кәсіпорындар үшін басым нарықтың бірі болып табылады. Біздің республика банктерімен ынтымақтастығымыз барысында екі ел экономикасының түрлі салаларының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар бірлескен ірі жобалар жүзеге асырылды, - деді «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.   

Жалпы, тек 2020 жылдың өзінде Өзбекстандағы отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының экспорттық келісімшарттарын қолдау бойынша қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 26,9 млрд теңгені құрады, қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттардың сомасы 87,3 млрд теңгеге жетті.

Қолдау тапқан кәсіпорындардың қатарында құрылыс қызметтерін экспорттаушылар, автомобиль, кондитерлік бұйымдар, ұн, май, кабель және полимерлік өнімдер, минералды тақта, макарон өнімдері, арматуралық прокат өндірушілер бар.

   

«KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі