KazakhExport Ұлттық ESG клубының стратегиялық сессиясына қатысты | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport Ұлттық ESG клубының стратегиялық сессиясына қатысты

KazakhExport басқармасы төрағасының орынбасары Аян Бектібаева Ұлттық ESG клубының стратегиялық сессиясына қатысты. Қатысушылар қатарында компания шақырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сонымен қатар ESG клубының мүшелері болды.
Кездесу барысында Қазақстандағы ESG күн тәртібінің негізгі аспектілері – ESG қағидаттарын өзгерту және ілгерілету шараларының қажеттілігі, елдік ESG күн тәртібін іске асыруға қосатын үлесі талқыланды, сондай-ақ елде ESG қағидаттарын ілгерілету барысындағы кедергілер айқындалып, мүмкіндіктері қарастырылды.
Ұлттық ESG клубының өз салаларында ESG-трансформация көшбасшылары болып табылатын 58 компанияны біріктіретінін еске саламыз. Клуб құрылуының негізгі мақсаттары – компания жұмысына ESG қағидаттарын енгізу арқылы Қазақстанның жеделдетілген энергоалмасуына ықпал ету, тәжірибе мен үздік практикалар алмасу, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде тұрақты даму қағидаларын ілгерілету жөніндегі ұсынымдарды ойластыру.