KazakhExport СІІЕ 2020-ға онлайн форматта қатысады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport СІІЕ 2020-ға онлайн форматта қатысады

Бүгін Шанхайда импорттық тауарлардың халықаралық көрмесінде (CIIE 2020) қазақстандық павильонның салтанатты ашылуы өтті. Рәсімге Қазақстанның Қытайдағы Төтенше Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев, сыртқы сауда ұйымдарының, PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясының өкілдері, 30-дан астам ресми шетелдік делегация қатысты. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көрме қатысушыларына арналған құттықтау сөзін жолдады.

Көрме 2020 жылғы 5-10 қараша аралығында өтеді және қазақстандық тамақ өнімдерінің Қытай нарығына тікелей шығуы үшін тиімді алаң болып табылады.

Біздің еліміздің өнімдерін тамақ секторының 35 компаниясы ұсынады. Олардың 14-і KazakhExport қолдауын пайдаланады.

Бүгін көрме аясында KazakhExport өкілдері қазақстандық ұнға, күнбағыс және мақсары майына, ет және сүт өнімдеріне ерекше қызығушылық танытқан қытайлық сатып алу компанияларымен В2В кездесулер өткізді. Қазақстандық өндірушілермен тиісті іскерлік байланыстар орнату туралы келісімдерге қолжеткізілді.

         - Көрме қарсаңында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өткім келеді. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қолдауын алған отандық экспорттаушылардың, 234 қазақстандық өндіруші ұсынылған каталогы әзірленді,  олардың 70-інің ҚХР-ға экспорттауға рұқсаты бар. Бұл каталог Қытайдың бизнес қауымдастықтарының өкілдеріне бағытталған. Бұған қоса, әлеуетті Қытай импорттаушыларының қатысуымен отандық экспорттаушылар үшін онлайн-семинар өткізілді, оның барысында ҚХР-ға өнімдерді экспорттау кезінде өндірушілер тап болатын негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Көрме аясында біздің Компания өкілдерінің белсенді жұмысы қазақстандық өндірушілер үшін Қытай нарығын ашады деп үміттенемін, - деп атап өтті KazakhExport өкілі.

         Көрме қорытындысы бойынша KazakhExport қытайлық сатып алу компанияларының сұраныстарын шоғырландырады, қазақстандық өнімді ҚХР-ға ілгерілету мақсатында мүдделі Қытай импорттаушылары мен қазақстандық тауар өндірушілер үшін қосымша нақты В2В келіссөздерді ұйымдастырады.    

Анықтамалық:

Импорттық тауарлардың халықаралық көрмесін (CIIE) өткізу бастамасы 2017 жылғы мамырда Бейжің қаласында өтіп,  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2018 жылдан бастап Шанхай қаласында импорттық тауарлардың халықаралық көрмесін тұрақты түрде өткізуді ұсынған "Бір белдеу және бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы шеңберінде туындаған.