KazakhExport пен Euler Hermes B2B форматында бірлескен жобалар бойынша бірқатар кездесу өткізді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport пен Euler Hermes B2B форматында бірлескен жобалар бойынша бірқатар кездесу өткізді

KazakhExport және экспорт кредиттерін сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы Euler Hermes бірлескен жобалар бойынша бірқатар В2В-кездесу өткізді.

Кездесу 2023 жылы қол қойылған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум аясында өтті. Құжат Қазақстан мен Германия арасындағы сауда байланысын күшейтуді және экспорт мүмкіндігін арттыруды көздейді. Одан бөлек, экспортты қаржыландыру саласындағы озық тәжірибелер мен ақпараттарды алмасу арқылы екіжақты қатынасты тереңдетуді меңзейді. Бұл, әсіресе, еуропалық компаниялардың Орталық Азиядағы әлеуетті жобаларға деген қызығушылығының артуына байланысты туындаған келісім.

Астана мен Алматыда өткен кездесулер аясында тау-кен металлургия кешені, қалдықтарды қайта өңдеу және ауыл шаруашылығындағы экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құру мәселесін қамтитын түрлі жоба талқыға түсті. Қазіргі уақытта бұл жобалар қаржы тарту, Германиядан жабдықтар сатып алу және экспорт-кредит агенттіктері тарапынан сақтандандыруды қамтамасыз ету жағдайында тұр.

Euler Hermes делегациясы жұмыс сапарының соңында KazakhExport қызметкерлеріне экспорт кредиттерін сақтандырудың негізгі аспектілеріне, сондай-ақ халықаралық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуге арналған воркшоп ұйымдастырды.