KazakhExport Саудаға жәрдемдесу жөніндегі жаһандық саммитке және MENA 2023 (БАӘ) ірі нетворкинг конференциясына қатысушылар қатарында | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport Саудаға жәрдемдесу жөніндегі жаһандық саммитке және MENA 2023 (БАӘ) ірі нетворкинг конференциясына қатысушылар қатарында

Дубай қаласында (БАӘ) маңызды салалық оқиғалар - MENA 2023 экспорттық және жобалық қаржыландырудағы көшбасшылар конференциясы және Global trade Facilitation Summit 2023 (Саудаға жәрдемдесу жөніндегі жаһандық саммит) өтті.

Іс-шараға 900-ден астам делегат - халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктер, әлемнің қаржы және сақтандыру ұйымдарының өкілдері, сауданы қаржыландыру жөніндегі жетекші мамандар, трейдерлер, импорттаушылар мен экспорттаушылар қатысты. Қатысушылар қатарында KazakhExport өкілдері Арман Бекбасова мен Зульфия Мұратова бар.

MENA 2023 шеңберінде экспорттық-кредиттік агенттіктер (ЭКА) мен қаржы даму институттарының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, сондай-ақ ұлттық өндірушілерге қолдау көрсету мен елдердің экспорттық әлеуетін нығайтудың маңыздылығы мәселелері қаралды.

БАӘ ұлттық кредиттік сақтандырушысы Etihad Credit Insurance басшылығымен кездесулер өткізілді, онда жобаларды қаржыландыру және қайта сақтандыру бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, TXF акционерлерімен, әлемдік ЭКА және қаржы институттары үшін жетекші диалог алаңымен кездесу өтті. 

Өз кезегінде, Global Trade Facilitation Summit алаңдарында Армения, Орталық Азия, ЕҚДБ банктерімен, БАӘ Сауда-өнеркәсіп палатасымен (ICC UAE) және Абу-Даби экспорттық кеңсесімен (ADEX) кездесулер өткізілді.