«KazakhExport» АҚ қызметкерлері «Автокөліксіз күн» акциясына қатысты | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» АҚ қызметкерлері «Автокөліксіз күн» акциясына қатысты

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының қызметкерлері «Автокөліксіз күн» дүниежүзілік акциясын қолдай отырып, жұмысқа жаяу және велосипедпен аттанды. Акция жыл сайын 22 қыркүйекте жаяу және велосипедпен жүру тәсілдерін насихаттау мақсатында бүкіл әлем бойынша өткізіледі.

«Іс-шара жалпы экологиялық әл-ауқат үшін де, өз денсаулығы үшін де пайдалы», - деді «KazakhExport» Сақтандыру департаментінің бас менеджері Айнұр Анесова.

Ұлттық компанияның қызметкерлері жүргізушілерді бір күнге көліктерден бас тартуға және қоғамдық көлікке, велосипедке отыруға немесе жаяу жүруге шақырды.

 «Акция жыл сайын көлік саны, демек, атмосфераға зиянды шығарындылар өсіп келетін үлкен қалалар үшін өзекті. Жылына бір күн болса да көліктің экологиялық түрін пайдалануға немесе жаяу жүруге шақырамыз», - деп атап өтті Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары Жадыра Манасова. 

Акцияға компанияның Алматы қаласындағы кеңсесі де қосылды. Алматы қаласындағы «KazakhExport» өкілдігінің басшысы Дәурен Нұрановтың басшылығымен кеңсе қызметкерлері жұмысқа электрлі самокаттармен келді.

«Біздің қалада самокаттар қойылған көптеген тұрақтарды табуға болады. Қала бойынша кептеліссіз жүрудің ыңғайлы ғана емес, арзан тәсілі», - деді Д.Нұранов.

Естеріңізге сала кетейік, «Қала адамдарға арналған кеңістік, өмір сүру кеңістігі» ұранымен дүниежүзілік автокөліксіз күн 1998 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде өтіп келеді.