«KazakhExport» ЭСК» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «KazakhExport» ЭСК» АҚ Қоғамдық кеңесі мүшелерінің кезекті отырысы болып өтті, іс-шара онлайн-форматта өткізілді.

Отырыста бірқатар жұмыс мәселелері, оның ішінде Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту және «KazakhExport» ЭСК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасын қайта сайлау туралы мәселелер қаралды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «KazakhExport» ЭСК» АҚ  Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Батырбек Әубәкіровті сайлау туралы шешім қабылданды. Батырбек Теміртасұлы «Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы болып табылады, сегіз жыл бойы «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ-де түрлі қызметтер атқарған, қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың заңды мүдделерін қорғау және ілгерілету саласында үлкен тәжірибесі бар.

Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелеріне «KazakhExport» ЭСК» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясының ағымдағы орындалу қорытындылары, «Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отандық өңделген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сыртқы нарықтарға экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелері таныстырылды.

Атап өтсек, Қоғамдық кеңес Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында құрылған.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Қоғамдық кеңесінің құрамы 2021 жылдың 10 маусымында бекітілді. Оған 12 мүше кіреді, оның тоғызы азаматтық қоғам өкілдері болып табылады және қаржы, экономикалық, заң, заң шығару салаларында үлкен тәжірибесі бар.

Қоғамның Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат «KazakhExport» ЭСК» АҚ корпоративтік интернет-ресурсының арнайы құрылған бөлімінде үш тілде орналастырылады - https://kazakhexport.kz/kz/page/obshchestvennyy-sovet.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі