«KazakhExport» ЭСК» АҚ Жалғыз акционеріне 2020 жыл үшін дивиденд төледі | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Жалғыз акционеріне 2020 жыл үшін дивиденд төледі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен 2020 жылдың қорытындысы бойынша «KazakhExport» ЭСК» АҚ таза пайдасының 70% Жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге бағытталды.

Дивидендтер сомасы 2 704 732 678 (екі миллиард жеті жүз төрт миллион жеті жүз отыз екі мың алты жүз жетпіс сегіз) теңгені құрады. Дивидендтің мөлшері бір жай акцияға есептегенде 29 611,70 (жиырма тоғыз мың алты жүз он бір) теңге 70 тиынды құрады.  

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «KazakhExport» ЭСК» АҚ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын орындап, 2019 жылы алынған таза пайданың 100% мөлшерінде 2 355 586 026, 70 (екі миллиард үш жүз елу бес миллион бес жүз сексен алты мың жиырма алты) теңге 70 тиын сомасына дивидендтер төлеуді жүзеге асырды.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі