«KazakhExport» АҚ өзіндік капиталы 2019 жылы 82%-ға артты | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» АҚ өзіндік капиталы 2019 жылы 82%-ға артты

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының өткен жылға аудиторлық есептілігі жарияланды

Есеп көрсетіп отырғандай, 2019 жылғы 1 қаңтарға «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының активтері 2018 жылмен салыстырғанда 48,7 млрд теңгеден 88,2 млрд теңгеге дейін өсті.

Бұдан басқа, KazakhExport таза пайдасының сомасы бір жарым еседей ұлғайды. Егер 2018 жылдың қорытындылары бойынша Компания 1,6 млрд теңгеге жуық ақша тапса, 2019 жылы – 2,4 млрд теңгеге шамалас (өсу 48,5%). Және де Компанияның негізгі кірісін сақтандыру сыйлықақылары құрады.

Компанияның 2019 жыл қорытындылары бойынша таза пайдасының 100%-ын дивидендтер төлеуге бағыттау жоспарланып отыр.

Мұның бәрі нәтижесінде өзіндік капиталдың өсуіне әкелді: бір жыл бұрын ол 43,3 млрд теңге құраған болатын, ал 2019 жылдың қорытындылары бойынша 79,2 млрд теңгеге өсті.

«Компания өткен жылы жемісті жұмыс атқарды. Мәмілелерді ықтималды тәуекелдерден қауіпсіздендіру үшін біздің сарапшыларымыз тұрақты мониторинг жүргізеді және біздің контрагенттеріміздің төлемге қабілеттіліктерін жүйелі түрде бағалап отырады. Жекелеген қарыз алушыларды талдаудан басқа, жалпы инвестициялық қоржынды кредиттердің шоғырлануына және нарықтық тәуекелдерге қатысты бағалау жүргізіледі»,  - деп атап өтілді «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында.

Аудиттелген қаржылық есептілікпен біздің сайтымызда https://kazakhexport.kz/file/save/1483 сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағыныстағы ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басымдыққа ие секторларында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау іс-тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.