KazakhExport отандық экспорттаушыларға рекордтық сома – 324,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетті | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport отандық экспорттаушыларға рекордтық сома – 324,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетті

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы –  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қазақстандық экспорттаушыларды қолдау көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткішке – 324,8 миллиард теңгеге жеткенін хабарлайды. 2022 жылы бұл көрсеткіш 259,1 миллиард теңге болса, 2021 жылы 204,7 миллиард теңгеден аспады. 2023 жылы ұсынылған экспорт алдындағы және экспорт саудасын қаржыландыру көлемі 19,3 миллиард теңге болды.

«KazakhExport» ЭСК»  АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазинның айтуынша, 2023 жылы қолдау тапқан ШОБ үлесі 66 пайызға жетті. Бұл кәсіпорындар тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия және басқа да салада жұмыс істейді.

«2023 жылы 89 экспорттаушы KazakhExport қолдауына ие болды, оның ішінде 27 экспорттаушы – жаңа клиенттер, яғни бүған дейін байланыс орнатылмаған кәсіпорындар. Осы серіктестіктің арқасында экспорттаушылар 466 импорттаушымен сауда қатынасын орнатты. Бұл істе бюджет қаражаты мүлде қолданылмады. Айта кету керек, KazakhExport сақтандыру өтеміне қаржы институттарынан 246 миллиард теңге сомаға қосымша қаражат тартылды», - деді Аслан Қалигазин.

Экспорт қарым-қатынасы орнатылған елдер тізімінде Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Ауғанстан, БАӘ, Польша, Түрікменстан, Әзірбайжан, Литва, Беларусь, Түркия, Моңғолия, Эстония және т.б. бар.

Қолдау көрсетілген салалар бойынша негізгі бағыттар: тамақ өнеркәсібі – 34,6%, металлургия – 27,7%, химия өнеркәсібі – 25,2%, электрондық өнеркәсіп тауарлары – 4%, машина жасау – 2,6%, жеңіл өнеркәсіп – 2,5%, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері – 2,2%, жұмыстар/қызметтер экспорты және құрылыс материалдары 1,2% болды.

«Біз ел экономикасын әртараптандыру және экспорт үлесін арттыруды мақсат еттік. Кейінгі 8 жылда компания шикізат емес экспортты сақтандыру қолдауының көлемін 16 есеге арттырды. KazakhExport отандық компанияларға жаңа нарықтарға шығуға және өз кірістерін ұлғайтуға көмектесу үшін Қазақстанда экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды дамытуды жалғастырады», - деп толықтырды KazakhExport басшысы.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «KazakhExport» ЭСК» АҚ экспорттаушыларға 1 170,1 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті.

Еске салайық, 2024 жылы 23 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленді. Жоба «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы «KazakhExport» ЭСК» АҚ базасында экспорт-кредит агенттіктің (ЭКА) арнайы құқықтық мәртебесін қалыптастыруды, сондай-ақ шикізат емес экспортты қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруді көздейді.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ – экспорт-кредит агенттігінің міндетін жүзеге асыратын және еліміздегі шикізат емес тауарларды экспорттауға жағдай жасайтын Біріңғай оператор.

KazakhExport экспорттаушыларға қолдау көрсету кезінде жұмыстың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді.

Компания қызметі ерікті түрде жүзеге асады және оны Қазақстанның шикізат емес тауарлар өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алады.

KazakhExport өз қызметі шеңберінде отандық шикізат емес экспорттаушылардың немесе олардың шетелдік импорттаушыларының болуы мүмкін шығындарының тәуекелін жауапкершілігіне алады.