KazakhExport БҰҰ-ның нөлдік шығарындылар жөніндегі Халықаралық альянсының серіктесі болды | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

KazakhExport БҰҰ-ның нөлдік шығарындылар жөніндегі Халықаралық альянсының серіктесі болды

«KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» АҚ Net Zero Export Credit Agencies (NZECA) нөлдік шығарындылар жөніндегі экспорт-кредит агенттіктердің Халықаралық альянсына үлестес қатысушы-серіктес ретінде қосылды. Бұл құжатқа Дүниежүзілік климат саммиті (COP28) аясында қол қойылды.

Айта кетейік, NZECA – БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының  қаржылық бастамасы (UNEP FI) және Оксфорд университетінің инновациялар орталығы мақұлдаған жаңа жоба. Альянс қатысушылары қатарында әлемнің ірі экспорт-кредит агенттіктері бар.

KazakhExport NZECA ұйымына кіру арқылы қазақстандық экспорттаушылардың төменкөміртекті экономикаға көшуіне қолдау білдіру, зиянды шығарындыларды азайтуға және экологияда бейтарап, климатта орнықты жобалар мен инвестицияларға басымдық беру жауапкершілігін мойнына алды.

«Қаржы институттары, банктер және сақтандыру ұйымдары портфель құру және жобаларды іріктеу арқылы бизнес үшін құндылықтар мен стратегиялық бағдарлар жүйесін қалыптастырады. Біз сақтандыру жеңілдіктері көмегімен нақты секторды ынталандырып, өндірушілерді экологиялық қажеттіліктерді негізге алуына жәрдем бергіміз келеді. KazakhExport үшін NZECA ұйымына кіру – бұл прогрессивті тәжірибені қабылдау және оны көміртек бейтараптығы жолында өз жағдайымызға бейімдеу тәсілі. Біз UNEP FI бастамасын осындай маңызды әрі күрделі мәселелердің шешімін табатын алаң ретінде көреміз», - деді KazakhExport Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектібаева.

Сондай-ақ Аян Бектібаева бұл бастама Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы мен инвестиция тарту мүмкіндігін арттыратынына сенім білдіріп, KazakhExport ESG-қызметі шеңберінде климаттық күн тәртібін қалыптастыруға және ұзақмерзімді жоспар құруға кіріскенін атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртек бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы аясында БҰҰ-ның жаһандық климат трендтері мен орнықты даму мақсаттарын ескере отырып, KazakhExport төменкөміртекті даму және көміртек бейтараптығына қол жеткізу бағытын компанияның стратегиялық мақсаты деп айқындады.

 

Анықтама:

 «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» АҚ – экспорт-кредит агенттігінің қызметін жүзеге асыратын шикізат емес экспортты дамыту жөніндегі біріңғай оператор.

KazakhExport әлеуметтік жауапкершілік және ESG саласындағы әлемдегі ең ірі UN Global Compact бастамасының толыққанды қатысушысы.

KazakhExport UN Global Compact бастамасына қосыла отырып, БҰҰ-ның Адам құқықтары, еңбек құқықтары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жаһандық шартының 10 қағидатын сақтауға, сондай-ақ БҰҰ-ның ESG саласындағы тұрақты дамуының 17 мақсатын дамыту жауапкершілігін алды.

Осылайша, ол қаржы жағдайын ғана ойлайтын емес, сонымен қатар ұзақмерзімді кезеңде компанияның құнын арттыратын және ESG қағидаттарын кеңінен қолданатын жаңа буын компанияларының тізіміне кіреді.