KazakhExport және Euler Hermes ынтымақтастықты бастады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport және Euler Hermes ынтымақтастықты бастады

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және экспорттық кредиттерді сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы Euler Hermes (Ойлер Гермес) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауданы қолдау және көтермелеу үшін ынтымақтастық негіздерін құруға, сондай-ақ экспорттық қаржыландыру саласындағы андеррайтинг және ынтымақтастық тәжірибесімен қызығушылық тудыратын өңірлер мен секторлар бойынша озық тәжірибе, ақпарат алмасу жолымен екіжақты қатынастарды тереңдетуге ниетті.

 «Біз Германиядағы серіктестерімізбен ынтымақтастықты нығайтуға қуаныштымыз. Қол қойылған меморандум іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қазақстандық және неміс экономикасына пайдалы болады. Біз сондай-ақ Euler Hermes озық тәжірибелерін пайдалана отырып, Германиядан технологиялар мен құзыреттер импортының арқасында Қазақстанда озық экспортқа бағдарланған өндірістер құруда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», - деді KazakhExport Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов.

К. Мұқажанов сондай-ақ, бүгінгі таңда KazakhExport портфелінде Германияға қолдау көрсетілген қазақстандық экспорттың кейстері бар екенін атап өтіп, меморандумға қол қойылғаннан кейін мұндай жобалар саны арта түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Euler Hermes халықаралық бизнесті дамыту директоры Феликс Брюхер: «Біз озық тәжірибені пайдалана отырып, Германия мен Қазақстанның экспорттаушыларына қолдау көрсету бөлігінде KazakhExport-пен өзара іс-қимылды жалғастыруға қуаныштымыз», - деп атап өтті.

Іс-шара аясында KazakhExport пен Euler Hermes делегациялары b2b форматында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасындағы Германия экономикасы одағымен бірлесіп Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігі ұйымдастырған «Қазақстандағы герман экономикасының 25-ші күні» конференциясында өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдан бастап KazakhExport 870 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам экспорттаушыға қолдау көрсетті. Қолдау көрсетілген кәсіпорындар экономиканың тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия және басқа да маңызды салаларында жұмыс істейді. Экспорттық бағыттар тізімінде Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Түрікменстан, Әзірбайжан, Литва, Украина, Беларусь, Италия және Түркия, Германия және көптеген басқа елдер бар.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.