KazakhExport шахмат бойынша турнир өткізді | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

KazakhExport шахмат бойынша турнир өткізді

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары арасында шахмат турнирін өткізді. Іс-шара Холдингтің 10 жылдығына орайластырылды. 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев шахмат ойыны сәттілікпен байланысты емес екенін атап өтті. «Бұл жерде мүмкіндікке сенуге болмайды. Шахматты тек зияткерлік қабілеттердің арқасында жеңуге болады. Шахмат стратегиялық ойлау қабілетін дамытады, оны балалар да, ересектер де ойнайды. Сондықтан бұл ойын Холдинг тобының қызметкерлері арасында танымал болғанына қуаныштымын», - деді Холдинг басшысы. 

Турнир аясында халықаралық гроссмейстер, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті, Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дармен Садвакасов бір мезгілдегі ойын сеансын өткізді. Ол Қазақстанда шахматты дамытуға көп көңіл бөлінетінін және осындай турнирлер спорттың осы түрін насихаттауға ықпал ететінін атап өтті. 

Турнирге барлығы 22 қатысушы қатысты, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің шахмат бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы, халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраев бас төреші болды. 

Турнирдің жеңімпазы «Отбасы Банк» АҚ өкілі Ерқанат Мұсабаев, екінші орынды «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ өкілі Ренат Медыбаев, үшінші орынды «Bereke Bank» АҚ қызметкері Алдиар Мамиров иеленді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтар алды.