«Прима Құс» компаниясы екінші кезектің құрылысын бастағалы жатыр | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«Прима Құс» компаниясы екінші кезектің құрылысын бастағалы жатыр

Алматы облысының Ұйғыр ауданында салынған «Прима Құс» ЖШС құс етін өндіру және қайта өңдеу бойынша ірі құс кешендерінің бірі өнімді алғашқы жөнелтілімді жүзеге асырды. Бұл туралы «Прима Құс» ЖШС акционері Александр Гарбер Алматыда Chickodelli сауда маркасымен құс фабрикасы шығаратын өнімдер ұсынылған алғашқы франчайзингтік дүкеннің ашылу барысында хабарлады.

«Алғашқы клиенттер жергілікті көтерме сатып алушылар, сондай-ақ Қазақстанның ірі және танымал сауда желілері болды. Ағымдағы жылдың мамыр айында «KazakhExport» және Bank RBK көмегімен зауыт құс кешенінің екінші кезегін салуға кіріседі, инвестиция сомасы 11 млрд теңгені құрайды. Жалпы алғанда, жобада жалпы сомасы 97,6 млрд теңгені құрайтын құрылыстың үш кезегін көзделген», - деді Александр Гарбер.

Бүгінгі таңда жөнелту Алматы, Петропавл, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Астана, Ақтау және Атырау сияқты қалаларға жүзеге асырылады. Ішкі нарыққа сұранысты қамтамасыз етумен қатар, өнімдер көрші елдерге экспортталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ең ірі құс шаруашылығы кешендерінің бірінің құрылысына «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және қазақстандық Bank RBK қолдау көрсетті. Зауыттың бірінші кезегін салу кезінде инвестиция сомасы 33,5 млрд теңгені құрады, 500-ден астам жұмыс орны құрылды.

Bank RBK басшысы Наталья Акентьева Қазақстанның он ірі банктерінің қатарына кіретін қаржы институты өзінің бизнес-стратегиясы шеңберінде экономиканың қайта өңдеу секторындағы жобаларды кредиттеуге көп көңіл бөлетінін атап өтті. 

«Агроөнеркәсіптік сектор және тамақ өнімдерін өндіру Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды салалары болып табылады. Біз еліміздің экономикасын әртараптандыруға және оның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаны іске асыруға қатысуға қуаныштымыз», - деді Наталья Акентьева.

Франчайзингтік дүкенде құс фабрикасы «Chickodelli» брендімен шығаратын өнімдердің барлық топтамасы ұсынылатын болады. Фирмалық дүкеннің тұжырымдамасы брендтің экологиялығые көрсетеді, дизайны скандинавиялық стильде жасалған.

Жоғары сапалы өнімдер мен заманауи тартымды қаптама - дүкеннің визит картасы. Барлық өнім шыны витриналық тоңазытқыштарда орналасқан, бұл сатып алушыға сатып алынған өнімді толық көру мүмкіндігін береді. Дүкеннің тағы бір артықшылығы - әрбір сатып алушы бірегей рецепт бойынша дайындалған «ыстық» гриль тауық сатып ала алады.

Анықтама:

«Прима Кус» ЖШС - бройлер етін өндіру және өңдеу бойынша тұйық циклді құс кешені. Алғашқы іске қосылған кешеннің өндірістік қуаты: жылына 17 500 тонна құс еті және айына 400 тоннаға дейін шұжық өнімдері.

2023 жылғы мамырда компания кәсіпорынның қуатын 50%-ға ұлғайта отырып, 2-ші іске қосу кешенін іске асыруға кіріседі.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ – шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету және қазақстандық экспорттаушыларға қаржы-сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсету.

«Bank RBK» АҚ 2022 жылдың қорытындысы бойынша коммерциялық банктер арасында капитал мөлшері және корпоративтік қарыз портфелі бойынша 5-нші орында, активтер бойынша -8-нші орынды алады. Банк қарыздары портфелінің сапасы сектордағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (бұл көрсеткіш банк жұмысының сенімділігі мен тиімділігінің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады). Лицензия №1.2.100/245/41, 05.04.2021 ж. ҚНРДА берген.