KASE жылдық есептер байқауының қорытындысын шығарды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KASE жылдық есептер байқауының қорытындысын шығарды

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа, KASE) 2023 жылдың 17 ақпанында жылдық есептер конкурсының қорытындысы бойынша ұйымдарды марапаттау рәсімін өткізді.

Биржа Қазақстанда қаржылық емес есеп берушілікті дайындау тәжірибесін дамыту мақсатында конкурс өткізді. Конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының резидентзаңды тұлғаларының 2021 жылға жылдық есептері мен орнықты даму туралы есептеріне бағалау жүргізілді.

Биржа конкурсқа қатысушылардың есептерінің әртүрлі сипаттамаларын бағалауды ескеретін жылдық есептерді бағалау тәртібін әзірледі. Барлығы 150 критерий бойынша бағаланды. Конкурсқа қатысуға қаржы және қаржы емес сектор ұйымдарынан жалпы 23 өтінім берілді. Байқау аясында негізгі және қосымша номинациялар құрылды.

"Жария емес компанияның 2021 жылға үздік жылдық есебі" номинациясы бойынша дипломмен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ.