"Өзбекстанның бірқатар ірі қаржы институттары Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды" - KazakhExport | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

"Өзбекстанның бірқатар ірі қаржы институттары Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды" - KazakhExport

21 желтоқсанда Ташкент қаласында өткен өңіраралық Өзбек-Қазақстан бизнес-форумы барысында "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ Өзбекстанның ірі жүйе құраушы банктерімен бірқатар келісімдерге қол қойды. Екіжақты құжаттар сақтандыру және қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің Өзбекстан Республикасына экспортын қолдауға бағытталған.

Атап айтқанда, "Трастбанк" ЧАБ, "Капитал банк" АКБ, "Ориент Финанс" ЧАКБ, "Өзбек өнеркәсіптік-құрылыс банкі" АКБ және "Tenge Bank" АКБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

"KazakhExport" АҚ-тың Басқарма төрағасы Аслан Қалигазиннің айтуынша, қол қойылған меморандумдар Қазақстан мен Өзбекстан компанияларының сауда жобаларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстаннан тауарлар мен қызметтер импортының өсуіне сұранысты ынталандырады.

"Стратегиялық құжаттарға қол қою біздің шетелдік әріптестеріміздің KazakhExport пен қазақстандық экспорттаушыларға деген сенімін көрсетеді. Біз Өзбекстан нарығындағы отандық тауарларға сұраныстың артып келе жатқанын және соның салдарынан экспорттың өскенін көріп отырмыз. Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде Өзбекстанға экспорттайтын қазақстандық тауар өндірушілерге KazakhExport көрсеткен қолдау көлемі 70 миллиард теңгеден асты", - деді Аслан Қалигазин. 

Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап Өзбекстанға экспорттайтын отандық өндірушілерді қолдау көлемі 255 млрд теңгеден астам соманы құрағанын айтты. 2022 жылдың соңына дейін қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру, экспорттық кредиттеу, тікелей және саудалық қаржыландыру сияқты өнімдер бойынша шамамен 20 млрд теңге көлемінде экспорттық мәмілелерді іске асыру жоспарлануда.

KazakhExport-тың Өзбекстандағы кеңсесі   (Ташкент қ.) 2019 жылы қазақстандық экспорттаушыларға қаржылық-сақтандыру қолдауын көрсету және кәсіпорындардың экспорттық түсім көлемінің өсуін ынталандыру мақсатында ашылғанын естеріңізге сала кетейік. Бүгінгі таңда KazakhExport-тың сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар жергілікті нарыққа автомобильдер, аккумуляторлар, кабельдік өнімдер, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары және т.б. жеткізеді.

 


Анықтама:

"KazakhExport" ЭСК" АҚ - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.