Маңғыстау облысында сорғы штангалары мен жалғастырғыштар шығаратын зауыт құрылысы аяқталды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Маңғыстау облысында сорғы штангалары мен жалғастырғыштар шығаратын зауыт құрылысы аяқталды

Маңғыстау облысында сорғы штангалары мен жалғастырғыштар шығаратын зауыттың техникалық ашылуы өтті. Кәсіпорынның қуаттылығы - жылына 150 000 штанга және 100 000 жалғастырғыш. Одан әрі қуаттылығы жылына 250-300 000 дана штанга мен жалғастырғышқа дейін артады. Зауыт құрылысын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес кәсіпорны - «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қолдады.

Объект «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында салынған және мұнай жабдықтарын өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы толық циклді кәсіпорын болып табылады. Отандық өнімдер ішкі нарықтағы сұраныстарды қамтамасыз етеді әрі экспортқа шығарылады.

Қазіргі уақытта зауыттың барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылғы желтоқсан айының соңына дейін зауытты одан әрі пайдалануға бере отырып, пайдалану және демонстрациялық іске қосу жоспарлануда. Зауытты пайдалануға беру кезінде 50 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жобаның жалпы құны 15,5 млрд. теңгені құрады. Жоба меншік иесінің ақшалай қаражаты, «Қарыздарды сақтандыру» құралы шеңберінде «KazakhExport» кепілдігімен екінші деңгейдегі қазақстандық банктің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

 «Сақтандыру қорғанысының көлемі 10 млрд теңгеден асты. Зауыт жабдықтары ішкі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, сыртқы нарықтардағы қазақстандық тауарлар ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тауарларды жақын және алыс шетелдерге экспорттау жоспарлануда», - деді «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мукажанов.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ – шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету және қазақстандық экспорттаушыларға қаржы-сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсету.