«2019 жылдан бастап Өзбекстанға экспорттайтын отандық өндірушілерді қолдау көлемі 255 млрд теңгеден астам соманы құрады», - KazakhExport | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«2019 жылдан бастап Өзбекстанға экспорттайтын отандық өндірушілерді қолдау көлемі 255 млрд теңгеден астам соманы құрады», - KazakhExport

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен Өзбекстан Республикасының қаржы институттары арасында қол жеткізілген келісімдер отандық өндірушілерге жергілікті нарыққа қолжетімдік мүмкіндігін береді. Бұл туралы «KazakhExport» басқарма төрағасы Аслан Қалигазин хабарлады.

Оның айтуынша, отандық тауарларға сұраныс артуда. KazakhExport-тың сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар жергілікті нарыққа автокөліктерді, аккумуляторларды, кабель өнімдерін, азық-түлікті, құрылыс материалдарын және көптеген басқасын жеткізеді.

2019 жылдан бастап Өзбекстанға экспорттайтын отандық өндірушілерді қолдау көлемі барлығы 255 млрд теңгеден астам соманы құрады.

«KazakhExport сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар жергілікті нарыққа автомобильдер, аккумуляторлар, азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары және көптеген басқасын жеткізеді. Отандық банктермен бірлесіп біз Өзбекстан банктері шығарған аккредитивтерді сақтандыру бойынша жобаларды қарастырамыз, бұл біздің экспорттаушыларға тауар жөнелтілгеннен кейін бірден төлем алуға, ал импорттаушыларға – қазақстандық өнімді сатып алуға қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деді Аслан Калигазин.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 9 айы ішінде қолдау көлемі 65 млрд теңгеден астамын құрағанын айтты. Жыл соңына дейін қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру, экспорттық кредиттеу, тікелей және саудалық қаржыландыру сияқты өнімдер бойынша шамамен 20 млрд теңге көлемінде экспорттық мәмілелерді іске асыру жоспарлануда.

«Капиталбанк» АҚ KazakhExport серіктестерінің қатарында. Банктің сауданы қаржыландыру басқармасының басшысы Шахзодбек Усмановтың айтуынша, компаниялар сауданы қаржыландыру бойынша 2019 жылдан бастап ынтымақтасып келеді. Мұнда экспорттаушы төлемді жөнелтілгеннен кейін бірден алады, ал импорттаушы төлемнің аккредитив нысаны бойынша Өзбекстан Республикасының банкінде ыңғайлы кейінге қалдырылған төлемді және жеңілдікті қаржыландыру мөлшерлемесін алады.

«KazakhExport-пен жұмыс істеу бізге жарғылық капиталға қысым жасамай, клиенттерді қаржыландыру және кредиттеу мүмкіндігін береді. Біздің клиенттер үшін бұл қолайлы мөлшерлемемен кредит алу және Қазақстанның сенімді компанияларымен жұмыс істеу мүмкіндігін береді», - деді Ш. Усманов.

Өзбекстанға экспорттаушылардың бірі – «Жаркент крахмал-сірне зауыты». «KazakhExport» жәрдемдесуімен кәсіпорын Өзбекстанға жүгері крахмалы мен сірне экспортын екі есеге арттырды. Өзбекстанға «Right to Win» ЖШС өнімдерін импорттайды.

«KazakhExport бізге сенімді серіктестерді ұсынады, тауарлардың уақтылы және толық жөнелтілуіне кепілдік береді. Сондай-ақ, банктік кредиттеуге қарағанда тиімді шарттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді», - деді «Right to Win» ЖШС бас директоры Махмуд Юлдашев.

Өз кезегінде «Sunlight Food Trading» ЖШС Қазақстаннан «Баян Сұлу» АҚ және «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС өнімдерін импорттайды. Компанияның негізін қалаушы Джаффар Монжазиб KazakhExport арқасында импорт көлемі айтарлықтай ұлғайғанын баса айтты.

«Ынтымақтастықтың бес жылы ішінде аталған екі компанияның өнімдерін сату көлемі 4 миллион АҚШ долларына жетті», - деді Джаффар Монджазиб.