Қырғыз Республикасындағы «KazakhExport» өкілі әлеуетті импорттаушыларға қолдау көрсету құралдары туралы айтып берді | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Қырғыз Республикасындағы «KazakhExport» өкілі әлеуетті импорттаушыларға қолдау көрсету құралдары туралы айтып берді

Бішкекте Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің жанындағы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы ұйымдастырған халықаралық МЖӘ форумы өтті. Оның жұмысына Қырғыз Республикасындағы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі Сталбек Сазбақов қатысты.

Форумда сөз сөйлеген Сталбек Сазбақов Қырғыз Республикасының жеке және мемлекеттік секторларының әлеуетті импорттаушылары үшін Қоғамның қолдау көрсету құралдары туралы айтып берді. Ол Қазақстанның маңызды сауда серіктесі Қырғызстан екенін атап өтті. Мәселен, 2017 жылдан бастап KazakhExport экспорттаушыларға қолдау көрсетті, Қырғыз Республикасына 16,1 млрд теңге сомаға экспорттық келісімшарттар қолдау тапты. 

Сталбек Сазбақов шетелдік сатып алушылар тарабынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыру үшін «KazakhExport» АҚ енгізген құрал – экспорттық сауданы қаржыландыруға ерекше назар аударды. ЭСҚ шетелдік компанияларға қазақстандық тауарларды қазақстандық екінші деңгейдегі банктер арқылы сатып алу үшін жеңілдікті қаржыландыру түрінде беріледі. Бұл ретте, осы жылдың соңына дейін отандық жоғары технологиялық өнімдер мен өңдеу өнеркәсібінің қызметтерін сатып алатын қырғыз импорттаушылары, жеке және мемлекеттік компаниялар үшін қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндігі пайда болды, бұл құралды неғұрлым тартымды етеді және мәні бойынша Қырғыз Республикасына инвестициялар тартуды білдіреді.

Форум МЖӘ саласында неғұрлым берік, заманауи және кеңейтілген әріптестік құруға бағытталған және мемлекеттік реформаларды, табысты халықаралық тәжірибелерді және осы салада қабылданған стандарттарды көрсету үшін кезекті платформа болды. Форум жаңа идеяларды қалыптастыру, тәжірибе алмасу және экономикалық әртараптандыру құралы ретінде МЖӘ-ні күшейту мақсатында Қырғыз Республикасы басшылығының, МЖӘ елдік агенттіктері өкілдерінің, даму жөніндегі халықаралық әріптестердің, жеке компаниялар мен МЖӘ саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірыңғай алаңда өтті.