Қазақстан мен Иран сауда, экспорттық кредиттер мен инвестицияларды қолдауға дайын екендіктерін растады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Қазақстан мен Иран сауда, экспорттық кредиттер мен инвестицияларды қолдауға дайын екендіктерін растады

        Қазақстан мен Иран экспорттық кредиттер мен инвестициялардың кепілдіктері мен сақтандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Тиісті меморандумға 19 маусымда Тегеранда (Иран) өткен «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» Қазақстан-Иран бизнес-форумы аясында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ пен Иранның Экспортқа кепілдік беру қоры (ИЭКБҚ) арасында қол қойылды.

        Қол қойылған құжат жоба шеңберінде үшінші елдерге тауарлар мен қызметтерді жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда мен инвестицияларды қолдауға және көтермелеуге, сондай-ақ экспорттық кредиттер мен инвестициялардың кепілдіктері мен сақтандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

        Атап айтқанда, құжат қарсы кепілдік (корпоративтік және банктік кепілдік) беру мақсатында сатып алушылар мен жұмыс берушілердің кредит төлеу қабілеттілігін бағалау, қатар сақтандыру, бірлесіп сақтандыру және қайта сақтандыру, талаптардың алдын алу және залалдарды өтеу сияқты рәсімдерді болжайды.

        Меморандум Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қатынастарды кеңейтуге бағытталғанын «KazakhExport» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов атап өтті. 

        «Осы құжатпен біз өз қызметіміздің аясында елдеріміз арасындағы сауданы, инвестицияларды және экономикалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарын қолдауға дайын екенімізді растадық. Бұл ретте тараптардың әрқайсысы өз елінде және/немесе Меморандум шарттарына сәйкес ынтымақтастық жүзеге асырылатын үшінші елде жобаны ұсына алады», - деді Қ. Мұқажанов. 

        Өз кезегінде ИЭҚКҚ төрағасы және бас директоры Сейед Реза Алихани (Seyed Reza Alikhani) экспортты қолдау саласында Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

        Қазіргі уақытта Иранға өз өнімдерін жеткізгісі келетін және бартерлік мәмілелерді пысықтау үшін сатып алғысы келетін экспорттаушылардың тізімі қалыптасуда. Қазіргі уақытта ирандық серіктестер Ирандағы ҚР Елшілігімен бірлесіп жұмыс істейтін 20-дан астам қазақстандық компания бар.

        Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына сапары аясында Тегеранда Қазақстан-Иран Бизнес-форумы өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының басшылары, іскер топтардың өкілдері қатысты.