Тәжікстан супермаркеттерінің бөлшек сауда желісі Қазақстаннан тауар жеткізушілерге қызығушылық танытты | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Тәжікстан супермаркеттерінің бөлшек сауда желісі Қазақстаннан тауар жеткізушілерге қызығушылық танытты

Тәжікстандағы «ЕВАР» азық-түлік супермаркеттерінің бөлшек сауда желісінің өкілдері қазақстандық азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерін өндірушілермен және экспорттаушылармен кездесті.

KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы ұйымдастырған, Алматыда өткен кездесуде «ЕВАР» қызметкерлері сүт өнімдері, алкогольсіз сусындар, шай сияқты, сондай-ақ желіде ұсынылуы мүмкін басқа да санаттардағы қазақстандық тауарларды жеткізуге қызығушылық білдірді.

«Қазақстанда өндірілетін тауарлардың жоғары сапасын атап өткіміз келеді. Бұл өнімдердің супермаркеттеріміздің сөрелерінде болуы біз үшін өте маңызды. Сондықтан біз экспорттық келісімшарттар жасасуға және өнімдерді бөлшек сауда желілерімізге жеткізуге мақсат қойдық», - деп атап өтті «ЕВАР» өкілдері.

«ЕВАР» компаниясы азық-түлік супермаркеттерінің бөлшек сауда желісі ретінде дамып келеді және бүгінгі таңда оның желісі Душанбе қаласында 12 супермаркеттен (ет маркетін қоса алғанда), Бохтар қаласында 2 супермаркеттен және         Кулоб қаласында бір супермаркеттен тұрады.

Компания сауда орындарының санын көбейту және сатып алушылар үшін қолжетімді болу арқылы бөлшек сауда желісін белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр. Компанияның жылдық айналымы жылына шамамен 12 млн. USD.

« KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.