Хабарландыру | Хабарландырулар | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Хабарландырулар

Хабарландыру

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 26.02.2021 ж.  № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Үлгі ереже) 10-тармағына сәйкес жариялайды

- «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобына мүшелерді іріктеу бойынша конкурс;

- бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу.  

І. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы 6 адамды құрайтын болады, оның ішінде 2 адам «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдері болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бұдан әрі - жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттар) осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде келесі құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А ғимараты, телефон нөмірі: 95-56-56, +7701 555 4408 мекенжайы бойынша қолма-қол беруге не info@kazakhexport.kz электрондық мекенжайына жолдауға құқылы: 

  1. азаматтың, коммерциялық емес ұйымның осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидатурасын ұсыну туралы өтініші;
  2. кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі, жеке куәлік, коммерциялық емес ұйымға қатысушылардың өкілдің лауазымын растау жөніндегі шешімі/хаттамасы.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидат бола алады;
  2. Жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;

2) заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот кінәлі деп танымауы;

3) психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), оның ішінде психикалық белсенді заттарды пайдалануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

ІІ. Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының info@kazakhexport.kz электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жолдайды:

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі;
  2. кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде кандидаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Байқаушы ретінде кандидат):

  1. Байқаушы ретінде кандидаттар он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс;
  2. Байқаушы ретінде кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;

2) заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот кінәлі деп танымауы;

3) психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), оның ішінде психикалық белсенді заттарды пайдалануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

Байқаушы ретінде кандидат үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілі бола алады.

Жүктеуге арналған құжаттар