Қазақстандық экспорттаушы компаниялардың басшы әйелдері | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстандық экспорттаушы компаниялардың басшы әйелдері

8 Наурыз қарсаңында KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы қолдау көрсеткен қазақстандық кәсіпорындардың жарқын басшыларымен танысуды ұсынамыз. Сұлу ханымдар бүгінде барлық салалардағы - фармацевтика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, көлік және машина жасау салаларындағы компанияларды басқарып келеді. Олар сауда желілері мен ірі өндірістерді басқарады, елдің ішкі нарығын ғана емес, сондай-ақ шет елдерді де өнімдермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар отбасының ұйытқысы болып табылады.

Қазақстандық бизнестің басшы әйелдері басқармада қандай қағидаларды ұстанатыны, көшбасшылық пен әйел адамға тән нәзіктік теңгерімін қалай сақтап қалатыны және неліктен команданы біріктіре білу әйел адамдарға қалай оңай беріледі деген сұрақтарға жауаптарымен бөлісті.

Гаухар Насырова, "АГФ ГРУПП" ӨК" ЖШС директоры - төсек жабдықтары мен үй тоқыма бұйымдарын тігетін алғашқы мамандандырылған фабрика. Өнімнің 95% экспортқа шығарылады (Ресей, АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь). Негізгі серіктесі - IKEA швед компаниясы. SUAVE® және ARUA® (www.arua.kz төсек-орын тысы брендтерінің негізін қалаушылардың бірі. 2019 жылдан бастап компания Қазақстан Республикасында бөлшек сауда бағытын дамытып келеді, ҚР төрт қаласында – Шымкент, Нұр-Сұлтан, Орал және Алматы қалаларында фирмалық дүкендері бар.

Басқаруда қандай қағидаларды ұстанасыз?

Мен мүмкіндігінше әріптестеріме сенуге және міндеттерді тапсыруға тырысамын. Шешім қабылдауда әрқашан жұмыс істеген жылдар ішінде қалыптасқан компанияның құндылықтарын ұстанамын, атап айтқанда: клиентке бағдарлану, өзара құрмет, адалдық, жағымды ойлау, ұқыптылық, табиғатқа қамқорлық жасау және тұрақты даму.

Көшбасшылық пен әйел адамға тән нәзіктік тепе-теңдігін қалай сақтауға болады?

Жұмыс пен отбасылық қарым-қатынастың тепе-теңдігін сақтау, әсіресе жұбайымызбен бірге жұмыс істегендіктен өте қиынға соғады. Жұмыс істейтін әйел адамға әрқашан шектен шығып кетпейтіндей, жонглер тәрізді тепе-теңдік сақтауға тура келеді. Ішкі төзімділік пен туыстарымның тұрақты қолдап отыратыны – өмірде қатты көмектеседі.

Неліктен команданы біріктіре білу әйел адамдарға қалай оңай беріледі?

Әйел адамдардың өз айналасында команданы жеңіл құра білуі мүмкін, эмпатия мен шыдамдылықтың арқасында шығар деп ойлаймын.

Елена Беленцева, "Кэмонт" АҚ Бас директоры - Қазақстан Республикасы мен Орта Азия аумағындағы кернеуі 0,4 кВ-тан 220 кВ-қа дейінгі кластың электрлі техникалық жабдықтың ірі өндірушісі. Жабдық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында: металлургия, атом, химия, тау-кен өндірісі, мұнай және газ, өнеркәсіптік энергетика және энергия жүйелері объектілерінде, ауыл шаруашылығында және тұрғын үй құрылысында, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілерде қолданылады. Экспорт елдері: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия

Басқаруда қандай қағидаларды ұстанасыз?

Тиімділік, өкілеттіктерді тапсыра білу және бөлу қағидаты. Кәсіпорындардың мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ұжымның күш-жігерін біріктіру.

Көшбасшылық пен әйел адамға тән нәзіктік тепе-теңдігін қалай сақтауға болады?

Ұжым үшін жауапкершілік сезімі көшбасшыны жынысына қарамастан айқындайтын қасиет, ал басшының отбасындағы ең бастысы, бірінші кезекте, ұжым болып табылады.

Неліктен команданы біріктіре білу әйел адамдарға қалай оңай беріледі?

Әрдайым шиеленісті жағдайлардың алдын алуға тырыса білу кез-келген әйел адамның табиғатына тән, бұл команданы біріктіру үшін өте маңызды. Ал аналық сезім кез-келген әйелді ұжымның әр мүшесіне қамқорлық жасауға мәжбүр етеді.

Сәуле Макишева, "Dolce-Pharm" ЖШС директоры - қазақстандық бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды, кәсіби шығыс материалдарын, бір рет қолданылатын киім мен іш киімді, сондай-ақ дәрілік заттарды өндіруші. Компания Қазақстанның емдеу мекемелерінің сұраныстарын жабады, сондай-ақ өнімді Орталық Азия мен ТМД елдеріне экспорттайды.

Басқаруда қандай қағидаларды ұстанасыз?

Бірінші қағида: ең алдымен - тәртіп. Мен өзім ешқашан жұмысқа, кездесулерге кешігіп көрген емеспін және басқалардың кешіккенін ұнатпаймын. Екінші қағида: тұрақты даму. Заман талабына сай болу керек және ұжыммен бір толқында болу үшін әрқашан өзіңді және өз қызметкерлеріңді дамыту қажет.  Үшінші қағида - сәтсіздіктерден қорықпаңыз! Өмір жолында тап болатынымыз сөзсіз, өмір айтып білгісіз. Энергияңды қорқыныш сезіміне емес, проблемалар мен қателіктер шешімін іздеуге жұмсаған жақсырақ.

Көшбасшылық пен әйел адамға тән нәзіктік тепе-теңдігін қалай сақтауға болады?

Бір жолы болады. Кейде жеке уақытымды құрбан етуге тура келеді, әсіресе жұмысты енді істей бастағанда, мен үшін демалыс күндері болмайтын, жұмыстан шықпайтын кездерім де болды. Бірақ маған түсіністікпен қарағаны үшін, өзімді дамытуға, өз мақсаттарыма қол жеткізуге демеу көрсетіп, қолдағандары үшін отбасыма алғыс. Әрине, отбасының қолдауынсыз мансап жасау қиын, әсіресе кішкентай балаларыңыз болған кезде.

Неліктен команданы біріктіре білу әйел адамдарға қалай оңай беріледі?

Менің ойымша, әйел адамдар ер адамдар сияқты көшбасшы және команданы біріктіру әдістері де әмбебап: ортақ мақсаттар, ортақ арман, команданы мақсатқа жетелейтін бір көшбасшы болу керек.  

Наталья Сладкова, "Колобок и Ко" ЖШС директоры - "ЭНЕРГИЯ ОКЕАНА" сауда маркасымен Альгин уылдырығын шығаратын зауыт. Өнім йод тапшылығы бар аймақтар үшін өте қолайлы және Кеден Одағы елдеріне сәтті экспортталады.

Басқаруда қандай қағидаларды ұстанасыз?

Ең алдымен, мен үшін компания қызметін иелердің қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағыттау маңызды. Қағидалар өте қарапайым - компанияның барлық бағыттары бойынша қауіпсіз қызметі, команданың біртұтастығы, сапалы нәтижеге ұмтылу, жетілдіріп отыру және компания ішінде де, сыртқы ортада да серіктестік қатынастар орнату.

Көшбасшылық пен әйел адамға тән нәзіктік тепе-теңдігін қалай сақтауға болады?

Көшбасшылық деген күш пен батылдық, еркектік пе? Бұл стереотип. Көшбасшы – бұл ұжымдық нәтиже үшін жауапкершілік көтеретін процесті басқаратын және бағыттайтын ұйымдастырушы. Ерлер де, әйелдер де жақсы көшбасшы бола алады, тек басқару тәсілдері әртүрлі. Сондықтан мен көшбасшылық пен әйел адамға тән нәзіктік арасында тепе-теңдік жоқ, мен оларды біріктіремін. Алайда әйел адамға кәсіби және табиғи рөлді отбасында  біріктіруге жол беруге болмайды. Бір рөлден екіншісіне тез ауысуға үйрену өте маңызды. Тек есте сақтаңыз. Үйге келгеннен кейін барлық планеркалар  мен есептерді есіктің ар жағында қалдырыңыз.

Неліктен команданы біріктіре білу әйел адамдарға қалай оңай беріледі?

Әйел адамдардың эмпатия, уайымға ортақ болу, өзара әрекеттесу сезімдері, эмоциялары әлдеқайда айқын көрінеді, осы қасиеттердің арқасында кәсіби салада сенімді, серіктестік қарым-қатынас құру оңайырақ. Командада түсіне білу, ортаға ене білу маңызды, басшылықтың қызметкерлермен тұрақты кері байланысы міндетті болып табылады. Сонымен қатар, кері байланыс күшті ынталандырушы құрал болып табылады.

Әйгерім Тұрлыбекова, "Тиккурила" ЖШС басшысы - фин лак-бояу материалдары концернінің Орталық Азия аумағындағы ресми өкілі. Қазақстандағы Tikkurila компаниясының сауда маркаларының қоржыны тұтынушыға премиум, сондай-ақ орташа және эконом класты бояуларды ұсына отырып, барлық баға сегменттерінде ұсынылған. Компанияның Қазақстан Республикасының барлық қалалары бойынша жақсы дамыған дистрибуция жүйесі бар. Экспорт елдері: Өзбекстан, Қырғызстан.