Қазақстанда экспорттық кредиттерді субсидиялау басталады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қазақстанда экспорттық кредиттерді субсидиялау басталады

Экспорттық кредиттерді субсидиялау «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңда қарастырылған, оған кеше ҚР Президенті қол қойды.

Мемлекет басшысы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды. Өңдеу секторын одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарынан басқа, заң жобасы қазақстандық кәсіпорындарға қазіргі заманғы, оның ішінде сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін бірқатар механизмдер мен жүйелі шараларды қамтиды.

Экспорттық кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау механизмі өндірушілердің ерекше қызығушылығын тудыруда. Осы механизмді әзірлеп, енгізуді Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жазда Шетелдік инвесторлар кеңесінің съезінде тапсырған болатын. Құрал машина жасау өнімі, инжинирингтік қызметтер және т.б. сияқты қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің экспортын ынталандыруға бағытталған. Субсидиялау қағидаларын жақын арада Сауда және интеграция министрлігі бекітеді, ал механизмді іске асыру жөніндегі операторлар «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары - KazakhExport ұлттық компаниясы және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры болады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков:

«Жаһандық шектеулер мен логистикалық шығындар кезеңінде қызмет көрсету экспорты ең табысты және перспективалы бағыттардың біріне айналуы мүмкін. KazakhExport клиенттерінің арасында Қиыр Шығыстағы Амур газ өңдеу зауытының құрылысында жұмыс істейтін бірнеше экспорттаушы бар, Италияның Desmet Ballestra Group корпорациясы, Ресейдің «Норникель» компаниясы, Украинаның темір кені комбинаты үшін жобалау жұмыстарын жүргізуде. Тағы бір компания - AAEngineering – конкурста танымал неміс мердігерлерін жеңіп, Қырғызстанда екі алтын шығаратын фабрика салды. Көрсетілген қызмет көлемі 200 млн доллардан асты» деп түсіндірді.

Механизмнің өзі қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық операцияларына байланысты қарыздар бойынша кредитор банктерге сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекеттік бюджет есебінен өтеуді көздейді. Қажетті заңнамалық базаны дайындау, қаржыландыру көлемін анықтау, нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Руслан Искаковтың пікірінше, мұндай механизмді енгізу өндірушілерге басымдық береді және қаржыландыру құнын әлемдік нарықтағы импорттаушыларға қолайлы деңгейге жеткізу есебінен қазақстандық тауарлар мен қызметтерге шетелдегі сұранысты арттырады. Бұл өз кезегінде мультипликативтік әсер туғызады және экспорт көлемінің, салықтық түсімдердің ұлғаюына, жұмыс орындарының ашылуына, тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың ұлғаюына әкеледі.

https://informburo.kz/special/v-kazaxstane-nacnut-subsidirovat-eksportnye-kredity