Қазақстанда ұн қалай өндіріледі? | Made in KZ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанда ұн қалай өндіріледі? | Made in KZ

«Хабар24» телеарнасының «Made in KZ» жаңа санында отандық ұнның қалай жасалып, экспортқа шығарылатыны туралы. 

Ұн өндіру - бұл арнайы жабдықты да, тиісті дағдыларды да қажет ететін өте күрделі және ұзақ процесс.  Қостанайлық «Саламат» серіктестігі 20 жылдан астам уақыттан бері ұн өндіріп, «Саламат», «Керемет», «Хан» және «Зор» сауда белгілерімен өнім шығарып келеді.

Компанияның жеке логистикалық инфрақұрылымы, зертханасы мен қоймалары бар. Астық Қазақстанның әр өңірінен сатып алынады. Ұзақ өңдеу процесстерінен кейін: сепараторларда елеуден бастап силостарда сақтауға және кейіннен ұнтақтауға дейін - дайын өнім алынады. Барлық процесстер толығымен автоматтандырылған. Тіпті сөмкелерді вагондарға өз бетінше тиейтін роботтар да бар.

«Саламат» қазақстандық ұн өндірушілердің арасында табысты компаниялардың бірі. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 1800 тонна өнім.  «Саламат» серіктестігінің ұны шетелдік тұтынушыларға жақсы таныс.  «KazakhExport» ұлттық компаниясының қолдауымен кәсіпорын өз өнімдерін Ауғанстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстанға экспорттайды.  «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы экспорттық операциялардың сақталуына кепілдік береді. Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы ретінде KazakhExport зауытқа импорттаушылармен сенімгерлік сауда құруға көмектесті.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/509623-proizvodstvo-muki-made-in-kz