Анонс! Қостанай қаласында ұн қалай өндіріледі? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Қостанай қаласында ұн қалай өндіріледі?

20 жылдан бері «Саламат» серіктестігі жоғары сапалы ұн шығарып келеді. Ол «Саламат», «Керемет», «Хан» және «Зор» сауда белгілерімен шығарылады. Күнделікті өндіріс көлемі 1800 тонна өнім.

Өндіріс процессі келесі кезеңдерден тұрады: дәнді тазалау, кептіру, ұнтақтау, кебектен ұнды бөлу, содан кейін дайын өнімді орау және буып-түю. Мұның бәрі толығымен автоматтандырылған. Тіпті қаптарды вагондарға өз бетінше тиейтін роботтар да бар.

«Саламат» серіктестігінің ұны шетелдік тұтынушыларға да жақсы таныс. Өнімнің бір бөлігі Ауғанстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстанға экспортталады. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

«Made in Kz» бағдарламасын 11 қараша, бейсенбi күні «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан уақытымен 14:30, 18:40 және 22:40-та көріңіз.