«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ негізінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ құрылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ негізінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ құрылады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек үкімет отырысының нәтижелері бойынша брифинг барысында Қазақстандағы инвесторлармен жүргізілетін жұмыспен және отандық өнім экспортымен қандай компаниялар айналысатындығы жөнінде мәлімдеді деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Бұрыннан бар екі компания. Біреуі "KazakhExport" деп аталады. Оның негізінде "KazakhExport" компаниясы құрылады, оның жұмысы экспортты ілгерілетуден, атап айтқанда экспорттық келісімшарттарды сақтандырудан, экспортты ынталандырудан, өнімді экспорттау барысындағы пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудан тұратын болады. Екінші компания KAZNEX INVEST негізінде құрылған, бұрыннан бар компания. Ол барлық инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші болады ", - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұл ретте ол аталған екі компания екі түрлі бағыт үшін жауап беретінін нақтылады: KAZNEX INVEST инвестицияларды тарту бойынша барлық қызметтерді біріктіреді, ал "KazakhExport" қазақстандық өнімді экспортқа ілгерілетумен айналысады. 

"Инвестор сізге келген кезде, олар оны қарсы алады, және жоба аяқталғанға дейін оған қолдау көрсетеді. Яғни құжаттарды рәсімдеу, визалық қолдау, түрлі пакеттер мен жеңілдіктер ұсыну тәрізді қызметтер көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, жобаны басынан бастап іске асырылған сәтіне дейін толығымен алып жүреді. Бұл қалыптасқан тәжірибе. Дүние жүзінде инвестициялар тартумен айналысатын агенттіктер сияқты компаниялар жұмыс істейді. Бүгінде KAZNEX INVEST компаниясының атқаратын қызметтері көп, бірақ олар нақтыланбаған. Оның экспортты ілгерілету бойынша функциялары бар, біз оны бүгінде тек сақтандырумен айналысып отырған "KazakhExport" компаниясына береміз. Енді олар экспортты қолдау жөніндегі барлық мәселелермен айналысатын болады", - деп мәлімдеді Қасымбек.