Алматыда пайдалы снектер қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Алматыда пайдалы снектер қалай жасалады?

Хабар24 арнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының жаңа санында BIO elite және BE OK сауда белгілерімен 100% табиғи жемістер мен жаңғақтар батончиктері қалай өндірілетіні туралы. Кәсіпорын шикізаты - кептірілген жемістер мен жаңғақтарды шетелдік өндірушілерден сатып алады: БАӘ мен Ираннан финиктар, Вьетнамнан банан, Американың Калифорниясынан бадам. Ал алмалар жергілікті, Алматынікі. Аяғыш температурада вакуумдық жылдам кептіру арқасында жеміс өзінің дәмін, түсін және барлық қажетті дәрумендерін сақтайды.

BioElite снэктердің кең ассортиментін ұсынады - бұл 15 өнім. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекше дәмі бар. Өндіріс үшін тек табиғи шикізат қолданылады. Өндіріс процессі бірнеше кезеңнен тұрады: кептіру, түсіру, ұнтақтау, илеу, қалыптау және қайтадан кептіру, содан кейін буып-түю. Зауыт күніне 20 мың батончик шығарады.

Бүгінде компания өнімдерін елдегі ірі сауда желілерінің барлық сөрелерінен, тіпті кофеханалардан да табуға болады. Өнімдер қазақстандық авиакомпанияларға арналған азық-түлік жиынтығында, сондай-ақ қазақстандық армия рационында бар. Бұдан басқа, компания Беларусь, Ресей және Қырғызстанға белсенді түрде экспорт жасайды. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/501544-proizvodstvo-fruktovo-orekhovykh-batonchikov-made-in-kz